kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

9 — МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

17 мая, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
9 — МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлы Жеңіс күні – азаттық үшін арпалысқан аталар рухына тағзым етіп, ел мен жердің қадірін терең ұғынатын тағылымды күн. Бұл тарихи дата еліміздің батырларын еске алып, ерліктерін ұлықтауға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде аталып өтуін ұйымдастыру үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі бастамасымен бірнеше ауқымды бастамалар мен іс-шаралар жарияланған болатын.

Осы ретте, Жаңа Иқан ауылдық округінде Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш алдында еске алу рәсімі ұйымдастырылып, гүл шоқтары қойылды. Шара барысында ел тыныштығы үшін жанын қиған боздақтарға деген халықтың ыстық ықыласы мен терең құрметі сезілді.

Шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, Ауған соғысының ардагерлері мен жергілікті басшылар қатысып, бейбіт өмірдің бағасын ұрпаққа ұғындыруға күш салды.

Жиында ауыл ақсақалдары мен округ басшылары сөз сөйлеп, Жеңістің киелі мәні мен ел бірлігінің маңызын айрықша атап өтті. Сондай-ақ, Жаңа Иқан мешітінің молдасы Юлдашев Мухаммеджан жиналған жұртқа дұға жасап, шейіт болған ерлердің рухына Құран бағыштады. Көпшілікке иман мен Отанға деген махаббаттың бірлігін насихаттады. Бұл ел тарихына деген тағзым, батырларға деген құрмет, болашаққа берілген аманат көрінісі болды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек өткенді еске алу ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен еркіндіктің құндылығын ұғындыру. Осы мерейтой аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар еліміздің тарихына тағзым етіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.

Алдыңғы жаңалық

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

«ЕРЛІККЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ» ІС-ШАРАСЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі