kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШІРКЕЙ МЕН ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

17 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экология
0
ШІРКЕЙ МЕН ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамыту және шаруаларға қолдау көрсету мәселесін бірнеше рет көтеріп, бұл саланы елдің экономикалық қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығының негізі ретінде атап өтті. Еліміздің кейбір аймақтарында көктемгі маусымның келуімен бірге шіркей, маса және түрлі зиянкес жәндіктердің белсенділігі артып келеді. Бұл әрине шаруалар үшін өте жайсыз мәселе. Осыған орай, Сауран ауданында тұрғындардың денсаулығын сақтау және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында жоспарлы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл шаралар Бабайқорған, Жібек жолы және Шорнақ ауылдық округтерінде жүзеге асырылып жатыр. Арнайы мамандандырылған мекеме қызметкерлері ауыл маңындағы барлық жерлерді залалсыздандыруда. Пайдаланылатын дәрі-дәрмектер мен химиялық заттар адам мен жануарлар үшін қауіпсіз, экологиялық талаптарға толықтай сәйкес келеді. Дер кезінде жүргізілген өңдеу жұмыстары шіркейлердің көбеюін айтарлықтай төмендетеді және маусымдық аллергия, тері аурулары сияқты мәселелердің алдын алады. Аудан әкімдігі тұрғындарды аталған жұмыстарға түсіністікпен қарауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда, дәрі шашылып жатқан аумақтарға уақытша бармауға, ашық су көздерінде су ішпеуге және үй жануарларын да қорғауға кеңес береді.

Айта кетейік, шіркейге қарсы дезинфекциялау жұмыстары Сауран ауданының барлық ауылдық округтерінде кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Бұл – тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі және маусымдық шара.

Алдыңғы жаңалық

«ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕРДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

Келесі жаңалық

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі