Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы жастардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спорттың маңыздылығын атап өтті. Президент спорт саласындағы заңнаманы жаңартуды тапсырды. Бұл өзгерістер бұқаралық және балалар спортын дамытуға серпін беріп, болашақ чемпиондарды даярлауға жол ашады.
Президент балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту қажеттігін атап өтті. Бұл өскелең ұрпақтың толыққанды дамуына ықпал етеді және денсаулықты нығайтуға бағытталған.
Осылайша, Президент Тоқаевтың Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған нақты шаралар мен міндеттер айқындалды.
Жолдау негізінде Сауран ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында баскетболдан 2013-2014 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында республикалық ашық турнир өтті. Жарыс 2025 жылдың 11–14 мамыр күндері Жүйнек ауылдық округінде ұйымдастырылды.
Турнирге еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара үздік атану үшін тартысты ойын көрсетті. Бұл дода жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, командалық рух пен достықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Жарыс нәтижесі бойынша:
- І орынды – Тараз қаласының командасы,
- ІІ орынды – Отырар ауданының командасы,
- ІІІ орынды – Арыс қаласының командасы иемденді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

