Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент жастардың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарына және білім беру мекемелеріне нақты тапсырмалар беріп отырады.
Президент Қ.Тоқаев құқықбұзушылықтың алдын алу үшін келесі бағыттарға басымдық беруді тапсырды:
— Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру: мектептер мен колледждерде тәрбие жұмыстарының тиімділігін күшейту.
— Құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту: жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру.
— Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру: спорттық, мәдени және шығармашылық үйірмелердің қолжетімділігін арттыру.
— Отбасылық тәрбие мен ата-аналардың жауапкершілігін күшейту: ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың тәрбиесіне назар аудару.
Бұл тапсырмалар кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Сауран ауданы әкімдігінен құралған арнайы мобильдік топ Үшқайық ауылдық округіне қарасты елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Топ мүшелері «Амангелді», «А.Үсенов» және «С.Қожанов» атындағы мектептердің оқушылары және мұғалімдерімен кездесті. Кездесу барысында құқықтық мәдениет, тәртіп пен жауапкершілік, жат діни ағымдардан сақтану жөнінде кеңінен айтылды.
Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, прокуратура, полиция, жастар ресурстық орталығы мен ішкі саясат мамандары қатысты.
Айта кетейік, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрмет пен азаматтық жауапкершілік қалыптастыруға ықпал етеді.

