kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

19 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
САУРАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын атап өтіп, бұл бастама уақытша шара емес, жыл бойы жалғасуы тиіс екенін айтты. Ол бұл жобаның қоғамда жаңа мәдениет пен қоғамдық этиканы қалыптастырып, шынайы патриотизм мен Отанға деген қамқорлықтың көрінісі екенін жеткізді.

Президент тапсырмасына сай, Сауран ауданында аудан әкімдігі мен аудандық “Amanat” партиясы филиалының ұйымдастыруымен кезекті сенбілік шарасы өтті. Аудан орталығында өткен тазалық жұмыстарына 500-ге жуық тұрғын белсене қатысты. Іс-шараға 10 арнайы техника жұмылдырылды.

Тазалық науқанына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, сондай-ақ ауданның ерікті жастары, ауыл тұрғындары және мемлекеттік қызметшілер атсалысып, өз үлестерін қосты.

Облыс әкімдігінің бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес, Сауран ауданы жыл соңына дейін 315 сенбілік шарасын өткізуі тиіс. Бүгінгі күнге дейін 79 сенбілік ұйымдастырылып, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: жалпы 13 921 адам қатысып, 304 арнайы техника жұмылдырылды. Іс-шаралар барысында 25 800 түп ағаш егілді, 886,4 тонна қоқыс шығарылды.

Аталған көрсеткіштер аудан тұрғындарының қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті арттыруға деген жауапкершілігін айғақтайды. Сенбілік жұмыстары жыл соңына дейін жалғасып, аудандағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталады.

 

Алдыңғы жаңалық

ТАЗА ОРТА – ТӘРТІПТІ ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНІСІ

Келесі жаңалық

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі