kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

19 мая, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Саясат
0
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестиция тарту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын әртараптандыру және сапалы инвестицияларды тарту арқылы тұрақты өсімді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмалары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономиканы әртараптандыруға бағытталған. Осы ретте, Сауран ауданы әкімдігінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бабындағы кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, сондай-ақ тиісті бөлім басшылары қатысты.

Кездесу аясында Ухань қаласынан келген «Wuhan Commercial Biotech Co., Ltd.» ғылыми-техникалық компаниясының өкілдері өз жобаларын таныстырды. Аталған компания 2010 жылы құрылған. Негізгі бағыты — биологиялық және полимерлік материалдардан жасалған бір реттік медициналық бұйымдарды өндіреді. Компания медициналық өнімдер өндірісі бойынша 61 мемлекеттік патентке ие жоғары технологиялық кәсіпорын ретінде танылған.

Кездесу барысында шетелдік инвесторлар Сауран ауданының Иассы өндірістік аймағынан арнайы жер телімін көрді. Алдағы уақытта бұл аумақта бір реттік медициналық қолғаптар өндіретін зауыт ашу көзделіп отыр.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев өз сөзінде жобаның маңыздылығына тоқталып, инвесторларға барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жобаның іске асуы өңір экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады деп күтілуде.

 

Алдыңғы жаңалық

САУРАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ – БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі