2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын атап өтіп, бұл бастама уақытша шара емес, жыл бойы жалғасуы тиіс екенін айтты. Ол бұл жобаның қоғамда жаңа мәдениет пен қоғамдық этиканы қалыптастырып, шынайы патриотизм мен Отанға деген қамқорлықтың көрінісі екенін жеткізді.
Экологиялық акция негізінде Сауран ауданында тазалық пен тәртіпке бағытталған кезекті сенбілік өтті.
500-ге жуық тұрғын қатысып,
10 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілікке аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, жергілікті тұрғындар, ерікті жастар және мемлекеттік қызметкерлер белсене қатысты.
Жалпы жыл басынан бері өткізілген тазалық шараларының көрсеткіштері:
Өткізілген сенбілік саны – 79,
Қатысқан адам – 13 921,
Тартылған техника – 304,
Егілген ағаш – 25 800 түп,
Шығарылған қоқыс – 886,4 тонна.
Бұл — Сауран тұрғындарының туған жерге жанашырлықпен қарайтынын білдіреді.
Сенбіліктер жыл соңына дейін жалғасады.
Тазалық – әр тұрғынның ортақ міндеті!
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі




