kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ – БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

19 мая, 2025
in Билік, Жаңалықтар
0
САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ – БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті апталық аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме жетекшілері мен жауапты мамандар қатысты.

Күн тәртібінде бес өзекті мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ғани Әметбеков оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады. Ол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, жазғы сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бағытындағы жоспарлармен таныстырды.

Келесі кезекте аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мұхтар Қуанышбаев шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары туралы мәлімдеді. Ол су айдындарында қауіпсіздікті сақтау, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және шомылуға тыйым салынған аумақтарды бақылауда ұстау мәселелеріне тоқталды.

Үшінші мәселе – «Сауран-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының берешек қарыздарының жай-күйі болды. Мекеме басшысының міндетін уақытша атқарушы Махсуд Хажиев қаржылық жағдайды тұрақтандыру мен қарыздарды өтеу бағытында атқарылып жатқан шараларды баяндады.

Төртінші болып «Сауран Газ» КММ басшысы Кенжебай Жақсылықов сөз сөйлеп, газдандыру жұмыстарының барысы, мекеме тарапынан іске асырылып жатқан жобалар мен кездесіп отырған қиындықтар жөнінде хабарлады.

Соңғы мәселе – «Таза Қазақстан» акциясының Сауран ауданы аумағында жүзеге асырылу барысы. Бұл бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асылбек Қанағат санитарлық тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары мен экологиялық іс-шаралардың жай-күйі туралы ақпарат берді.

Аппараттық мәжіліс соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, қаралған мәселелердің орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі жаңалық

САУРАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі