kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚТАР ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Қоғам
0
КЕНТАУЛЫҚТАР ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бірнеше маңызды мәлімдеме жасап, бұл тарихи оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті.

Осы ретте, Кентау қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай С.Қожанов саябағында орналасқан «Азалы ана» ескерткіші маңында тағылымды мерекелік шара өтті. Отан үшін от кешкен батыр бабалардың рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Шараның ашылуында сөз алған қала әкімі Жандос Тасов майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне ерекше тоқталып, олардың рухын ұлықтау, әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.

«Бүгінгі бейбіт өміріміз — кешегі қан майдандағы жауынгерлеріміз бен тылдағы қажырлы халықтың еңбегінің жемісі. Батырларымыздың көзін көріп жүрген ардагеріміз, қаламыздың мақтанышы Бадан Төребаев көкеміз арамызда. Бүгін біз сол батырларымыздың ерлігі мен тылдағы халықтың қажырлы еңбегінің арқасында бейбіт өмір кешіп отырмыз. Олардың ерлігі – мәңгілік, олардың есімі – жүрегімізде», — деді қала басшысы.

Сондай-ақ, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов пен «Ардагерлер кеңесінің» төраға орынбасары Мамыржан Юлдашев сөз сөйлеп, ардагерлерге алғыс білдірді. Салтанатты шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр бабалар рухына тағзым жасады.

Мерекелік іс-шара Ынтымақ алаңындағы концерттік бағдарламаға ұласты. «Ұрпаққа ұран болған — Ұлы Жеңіс» атты қойылым мен әсем ән-күйлер, билер көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Шараны қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі