kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экономика, Әлеумет
0
ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс саласына ерекше назар аударып, оның сапасы, заңдылығы және тиімділігіне қатысты бірнеше маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, құрылыс индустриясы ел экономикасының маңызды саласы болып табылады.

Президент құрылыс сапасына қатысты бақылауды күшейту қажет екенін айтты. Ол құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет екенін баса айтты. Сонымен қатар, құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керектігін жеткізді. Мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет екенін, шынайы бәсеке болуы тиіс екенін де ескертті. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек екенін атап өтті. Бұл салада үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелері бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелер бар екенін жеткізді. Азаматтар үнемі шағымданып жататынын, алайда құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отырғанын айтты. Үкімет бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек екенін тапсырды.

Осыған орай, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта салынып жатқан 60 пәтерлі 5 қабатты және 30 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Әкім мердігер мекемеге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтауды тапсырды. Жауапты сала басшыларына нысандарды үнемі бақылауда ұстап, тиісті шараларды қолға алу міндеттелді.

Сондай-ақ, “Оңтүстік” аумағындағы 55,5 гектар жердегі инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарының реттелуі бойынша нақты тапсырмалар берілді.

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Қарнақ ауылында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысымен де танысқан әкім, нысанның сапалы әрі уақытылы аяқталуы қажеттігін атап өтті. 300 адамға арналған мәдениет үйі толық аяқталған соң ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет ететін болады.

Қала басшысы барлық құрылыс нысандарын бақылауда ұстауды және жұмыс сапасына ерекше мән беруді жауапты тұлғаларға тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

КЕНТАУЛЫҚТАР ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі