kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

КЕНТАУДА 100 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

28 мая, 2025
in Билік, Жаңалықтар, мәдениет, Әлеумет
0
КЕНТАУДА 100 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 100 жасқа толған соғыс ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіп, олардың ерлігі мен еңбегін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы ардагерлердің ғасырлық мерейтойларын атап өтіп, олардың өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ретінде ұсынды.

Президент Қасым — Жомарт Тоқаевтың бұл әрекеттері ардагерлерге деген терең құрметтің және олардың ерлігін ұмытпай, кейінгі ұрпаққа үлгі етудің айқын көрінісі болып табылады. Мемлекет басшысы ардагерлерге көрсетілетін құрметті олардың Отан алдындағы ерен еңбегінің лайықты бағасы деп есептейді.

Биыл 9 мамыр – Ұлы жеңіске 80 жыл. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының  әкімі Нұралхан Көшеров 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребавтың үйіне арнайы барып, қарт майдангерді мерекесімен құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл»  бірыңғай мерекелік медалін тапсырды.

Өз кезегінде соғыс ардагері жас ұрпақтың бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешуін тілеп, Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі жасай берсін деп ақ батасын берді.

Ол  1924 жылы 13 қарашада Түркістан облысында дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарынан шақырылып, 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Белоруссиядан бастап Берлинге дейінгі қан майдандарда шайқасқан.

Майдангер ауыр шайқаста көзге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.  Сондай-ақ, 1-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, екінші рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан соң 1948 жылы Норвегияның шекарасында болып, елге 1950 жылдың қараша айында оралып, Кентау қаласындағы Мырғалымсай кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бүгінде қария 2 ұл, 3 қыз, 14 немере, 31 шөбере, 2 шөпшек тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанған. Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 8 ардагері бар. Қарт майдангерлерге мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау көрсетілуде. Сонымен бірге, тыл ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 3 мыңнан астам ардагерге де құрмет көрсетіліп жатыр.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі