Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай қазақстандықтарды құттықтап, бұл мерекенің ел бірлігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Ол әскери қызметшілердің Отан алдындағы адалдығы мен ерлігін жоғары бағалап, олардың бейбіт өмір мен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, Қарулы Күштердің әлеуетін арттыру, әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын күшейту және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын айтты.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Кентау қаласында “Ерлік – елге мұра” тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қала тұрғындары, ардагерлер мен жастар қатысты.
Салтанатты шарада Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаланың даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға төсбелгілер тағып, алғыс хаттар табыс етті.
“Бұл күн ел тыныштығын күзетіп жүрген ерлерімізге деген құрметтің белгісі. Ерлік пен елдік – ұлт рухының тірегі. Мұндай шаралар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады”, – деді қала басшысы.

