kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

1 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Әлеумет
0
КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне ерекше назар аударып, оның алдын алу мен жүйелі түрде жоюға бағытталған нақты шараларды ұсынды. Президент сыбайлас жемқорлықпен күресте тек жазалау емес, алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғам өкілдерінің белсенді қатысуын арттыру қажет екенін айтты.

Президент Қ.Тоқаевтың бұл бастамалары Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға бағытталған жүйелі және кешенді шаралардың жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Президенттің пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады және бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы тиіс.

Осы ретте, Кентау қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі, комиссия төрағасы Жандос Тасов жетекшілік етіп, күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Комиссия отырысында қаланың әлеуметтік, инфрақұрылымдық және коммуналдық салаларындағы ашықтық пен есептілік деңгейін арттыру, әлеуметтік қызметтер және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде жемқорлыққа жол бермеу жолдары, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Баяндамаларда мемлекеттік бағдарламалар мен бюджет қаражатын тиімді әрі әділ пайдалану, мердігер ұйымдарды анықтауда ашық конкурстар өткізу, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Алдыңғы жаңалық

Кентау: "Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда" атты іс-шара аясында өткізілген түсіндірме жұмыстары

Келесі жаңалық

ТАЗА АУЛАДАН ТАЗА ҚАЛАҒА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі