kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

1 июня, 2025
in Жаңалықтар, Спорт, Әлеумет
0
КЕНТАУДА ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталған бастамалары Қазақстанның білім, ғылым және инновация салаларында дамуына серпін беріп, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.Соған орай зияткерлік әлеуетті арттыру, білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Оның пікірінше, елдің болашағы сапалы білім мен инновациялық ойлау қабілетіне ие жастардың қолында.

Президент Қ.Тоқаев білім беру жүйесін жетілдіру арқылы зияткерлік әлеуетті арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Ол ұстаздарды ұлттың зияткерлік қуаты деп атап, олардың білімді ұрпақ тәрбиелеудегі рөлін жоғары бағалайды. Сондай-ақ, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамыту үшін мемлекеттік қолдауды күшейту маңызды екенін айтты.

Осы орайда, Кентау қаласында ел бірлігін нығайту, этносаралық татулықты насихаттау мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында білімділік пен тапқырлықты шыңдай түсетін интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Білімділер сынға түсетін сайысқа қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, қатысушыларға сәттілік жолдады.

Сайысқа 17 команда тіркеліп, 6 кезең бойынша жарысты. Командалар қала және ауылдардағы түрлі саланың қызметкерлерінен және көршілес Сауран ауданынан бірнеше командалар жасақталды.

Білімділер мен біліктілерді, шапшаң ойлау қабілеті жоғары командалар мен топ мүшелерін анықтау мақсатында әділқазылар қатарында қаламыздың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестік өкілдері мен мәдениет қайраткерлері болды. Нәтижесінде, «Қыран» тобы — 1-орын, «Отбасы» — 2-орын, “Білім Ордасы” -3-орынды иеленді.

Сайыс соңында қатысушыларға қала әкімінің атынан дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУЛЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Келесі жаңалық

Созақ ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам" әлеуметтік орталығының 3 айлық мәліметі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі