Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдо спортына ерекше көңіл бөліп, Қазақстандағы дзюдоның дамуына жоғары баға берді. 2024 жылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, елімізде дзюдоға 160 мыңнан астам адам, оның ішінде балалар мен жастар белсенді түрде қатысатынын атап өтті. Президент бұл спорт түрінің елде кеңінен танымал екенін және оның дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді .
Президент Қ.Тоқаевтың бұл бастамалары Қазақстанда дзюдо спортының дамуына серпін беріп, халықаралық деңгейде танымал болуына ықпал етуде.
Осы ретте, Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.
Бұл додада Кентау қалалық №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:
- Иса Сұңқар — 32 кг салмақ дәрежесінде І орын,
- Жанайдар Махамбет — 38 кг, І орын,
- Жұбатхан Әділ — 55 кг, І орын,
- Бақытжан Мирас — 26 кг, ІІ орын,
- Ерімбет Рауан — 66 кг, ІІІ орын иеленді.
Командалық есеп бойынша Кентау дзюдошылары 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңістер спорт мектебі жаттықтырушылары.

