kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақ ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар

2 июня, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Әлеумет
0
Созақ ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылдың мамыр айына дейін мүгедектігі бар азаматтардың қатысуы бойынша 2 іс — шара өткізілді. Атқарылып жатқан жұмыстар әлеуметтік желі парақшасында жариялануда.

Бірінші іс-шара 8 наурыз — Аналар мерекесіне арналды:

АНА — ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ

 Созақ ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, «АНА — ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» атты мерекелік іс — шарасы өтті.

Ақ жаулықты апаларымыз бен ақ көңілді қарындастардың құрметіне, Сырлы Созақ қор ұжымы әжелері  әсем әнмен шашу шашып, керемет көңіл күй сыйлады.Сонымен қатар Иманбеков Мұхаммедәлі, Шешенқараев Мұхаммедәлі,Сәдуақасов Қошқарбай көкелеріміз ән салып, көрерменнің көңілін көтерді.

Мерекелік шара барысында «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының директоры Оспанов Марат Әбілқайырұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еспенбетов Қабылбек Аманбекұлы аналарымызды мерекемен құттықтап, әлеуметтік орталық мекемесінің атынан сый-сияпаттар тапсырды.

Іс- шара соңында ақжаулықты аналарымыз бен ақ көңілді қарындастарымызға мерекелік ақ дастархан жайылды.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарымыз да өздерінің жүрекжарды тілегін айтып, осындай мерекелік іс-шарасын ұйымдастырған мекеме қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Екінші іс-шара 1 мамыр Халықтар достығына орай «Отаным менің — Қазақстан» патриоттық әндер байқауы өтті.

«Отаным менің — Қазақстан» патриоттық әндер байқауы

 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне және Ұлы Отан соғысының жеңісінің 80 жыл толуына орай, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен, мүгедектігі бар азаматтар арасында «Отаным менің — Қазақстан» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқау барысында әлеуметтік орталықтың директоры Оспанов Марат Әбілқайырұлы ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқаудың мақсаты жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу. Өзінің және қоғамның болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуіне мен дүние танымды қалыптастыру болып табылады.

Патриоттық әндер байқауына 5 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Байқау қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімімен патриоттық, әнін орындау талабына сәйкес жоғары бал жинап, бірінші орынды Маханова Айсара жеңіп алса, екінші орынды Дәмен Даулет қанжығасына байлады. Үшінші орынды Сыздықова Гүлзия апамызға бұйырды.

Қалған қатысушыларға белсенділік үшін алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

БАРЛЫҚ БАЛАЛАР - БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ

Келесі жаңалық

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі