kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

2 июня, 2025
in Білім, Жаңалықтар
0
КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды қолдау мен зияткерлік әлеуетті дамыту мәселесіне ерекше назар аударады. Ол білім беру жүйесінде дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсетудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.

Бұл шаралар Президенттің дарынды балаларды қолдау және олардың зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі бастамаларын өңірлік деңгейде жүзеге асыруға бағытталған.

Осы бастамалар негізінде Кентау қаласы Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы базасында Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен «Zerdeli Quiz» зияткерлік сайысы өткен. Сайыста қалалық кезеңінде А.С. Пушкин атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 9–10 сынып оқушыларынан құралған «Пушкин» командасы «Бас жүлдені» жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алған.

Облыстық кезең 21 мамырда Шымкент қаласында өткізілді. Бұл білім бәсекесіне Түркістан облысының әр ауданынан 15 үздік команда қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау екі кезеңнен – іріктеу және финалдық сыннан тұрды.

А.С. Пушкин атындағы №6 мектептің «Пушкин» командасы байсалдылық пен білімге деген құштарлықтарын көрсетіп, үздік нәтиже көрсеткені үшін «БАС ЖҮЛДЕМЕН» марапатталды. Одан бөлек, халықаралық деңгейдегі Дубай мемлекетіне білім сапарына жолдама жеңіп алды.

Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен терең білімінің, ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Келесі жаңалық

ЖАНДОС ТАСОВ АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ “СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ” ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі