kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

2 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Әлеумет
0
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аппараттық жиындар мен кеңестердің тиімділігіне ерекше назар аударады. Ол бюрократиялық кедергілер мен жауапкершіліктен жалтаруды сынға алып, нақты шешімдер мен нәтижелерге басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Мысалы, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент: «Әкімдер мен министрлерге сөгіс пен ескерту жасалды. Мұндай жазаны басқа да басшыларға беруге болады. Біз әлеуметтік-экономикалық дамудың аса күрделі кезеңінде тұрмыз. Үкімет пен әкімдерге одан әрі ушыға түсетін дағдарыстан шығу үшін тиімді әрі батыл іс-әрекеттер керек» деді.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалық еткен кезекті аппараттық жиын өтті. Кеңесте күн тәртібіне сәйкес екі маңызды мәселе қаралды.

Жиын барысында алғашқы болып ауыл әкімдері сөз алып, өз әкімшілік аумақтарындағы мүліктерді түгендеу, заңсыз құрылыс фактілері, жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайлары бойынша есеп берді.

Қала басшысы тиісті сала жетекшілеріне заңсыз әрекеттердің алдын алуды күшейтіп, жергілікті жерлерде нақты бақылау шараларын жүргізуді тапсырды.

Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша қала әкімдігі аппаратының құжаттандыру-әкімшілік бөлімінің басшысы Айсұлу Сейітметова баяндама жасады. Ол тұрғындар тарапынан түскен арыз-өтініштердің орындалу барысы жайлы ақпарат беріп, есептік мәліметтер мен жауапты бөлімдердің жұмыс нәтижелеріне тоқталды.

Жиын соңында қала әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, халықпен тиімді кері байланыс орнатуды тапсырды.

 

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі