kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

2 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Экономика
0
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жұмыс сапарлары мен Үкіметтің қызметіне қатысты бірнеше маңызды мәлімдемелер жасаған. Кезекті кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ, Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Президент Премьер-Министрдің жұмыс сапарлары мен Үкіметтің қызметін жоғары бағалап, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өткен.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Іссапар аясында ол бірқатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Сапар барысында Ермек Маржықпаев алдымен «Кентау трансформатор зауытына» барып, кәсіпорынның өндірістік процесімен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті. Зауыттың өндірістік қуаты мен инновациялық мүмкіндіктері кеңесшінің оң бағасын алды.

Келесі жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Мұнда биылғы жөндеу жұмыстарының барысына назар аударып, тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Сапар соңында Ермек Маржықпаев атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, өңірдің одан әрі дамуына Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

 

Алдыңғы жаңалық

ЖАНДОС ТАСОВ АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ “СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ” ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА «ӨРТ–2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі