kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

2 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат
0
КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саясатты күшейту және ұлттық бірлікті нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өткен.

Мемлекеттік басқару және жауапкершілік арттыру жайлы Президент мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында министрлер мен әкімдердің жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. Ол нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті, сондай-ақ түпкі нәтиже үшін жауапкершілік толығымен министрлер мен әкімдерге жүктелетінін атап өтті. Бұл ретте, олар өз бұйрығымен жедел шешім қабылдап отыруға тиіс .

Экономикалық даму және реформалар туралы Президент экономиканы әртараптандыру қажеттігін атап өтіп, шикізатқа байланған менталитеттен бас тарту керектігін айтты. Ол «білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналғанын атап өтті. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында жіберілген барлық қателіктерді, олқылықтарды ескеру қажеттігін айтты.

Осы ретте,  Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста қаланың дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, 2025 жылы өтетін Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жөнінде баяндалып, жұмыс жүргізу барысы егжей-тегжейлі талқыланды.

Қала және ауылдардың санитарлық тазалығы барысындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі ұсынылды. Қала басшысы  тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне бірқатар орын алған мәселелерді көтерді.

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының қалада жүзеге асырылу барысы да сөз болды. Бұл ретте қала және ауылдарды абаттандыру, санитарлық тазалық пен экологиялық мәдениетті арттыру мәселелерін қозғады. Қала әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың тек науқандық емес, жүйелі түрде жүргізілуі керектігін атап өтті.

“Атқарылатын әрбір жұмыс – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс,” – деді Жандос Қалмырзаұлы.

Қала басшысы барлық бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жеке бақылауына алатынын айтты.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ЖАЛҒАСУДА

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі