kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
КЕНТАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халықпен тұрақты әрі тиімді кездесулер өткізуін мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады. 2022 жылғы 7 наурызда Мемлекет басшысы «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлыққа қол қойып, барлық деңгейдегі әкімдерге жыл бойы тұрғындармен кездесулер өткізуді міндеттеді. Бұл кездесулерде әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, халықты толғандыратын проблемаларды шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіру көзделген.

Президент Қ.Тоқаев әкімдердің халықпен кездесулерін тек жоспарланған кесте бойынша ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың талап-тілегіне сәйкес икемді түрде өткізуі тиіс екенін атап өтті. Ол: «Халық талап етсе, әкімдер күнтізбеге қарамай елмен кездесуі тиіс»,- деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы әкімдердің халықпен жиі және ашық кездесулер өткізуі қоғамдағы сенімді арттырып, жергілікті басқару органдарының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететінін бірнеше рет атап өтті. Бұл тәсіл Жаңа Қазақстанды құру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.

Осы ретте, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Ш.Құдайберген, З.Иманбаев және 52-мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары, қалалық мәслихат депутаттары мен жауапты сала басшылары қатысты.

Тұрғындар аяқ жолдардың жетіспеушілігі, ойын алаңдарының сапасы мен саны, жарықтандыру, суағарлар мен кәріз жүйесіне қатысты өз өтініш-тілектерін жеткізді.

Қала әкімі көтерілген мәселелерді бақылауға алатынын, оларды шешу үшін нақты жоспарлар жасалып жатқанын атап өтті. Бірқатар мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Жандос Қалмырзаұлы қаржының бөлінуіне қарай жұмыстардың кезең-кезеңімен атқарылатынын және әр мәселе назарда болатынын айтты. Сондай-ақ қаламызды бірге көркейтуге, қаланың тазалығын сақтауға бірлікте атсалысуға шақырды.

 

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУЛЫҚ БОКСШЫЛАР U22 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі