kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ТҮРКІСТАН БАЛАFEST» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

3 июня, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Қоғам
0
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ТҮРКІСТАН БАЛАFEST»  ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» аясында Ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін көпшілікке таныту мақсатында «Түркістан БАЛАFEST» өнер фестивалі болып өтті. Дәстүрлі түрде үшінші рет өткізілген байқауда қатысушылар 2 (екі) жанр бойынша өнер көрсетті:
— Ән өнері (Патриоттық және Түркістан тақырыбында)
— Қолөнер шеберлігі (қолөнердің барлық түрі)
Қатысушылардың жас ерекшеліктері 7 мен 14 жас аралығы.
Ерекше балаларға арналған шара «Ұлы Дала Елі» орталығында ұйымдастырылды. Фестивальге қаламыздағы бірнеше оңалту орталықтары мен жалпы білім беретін мектептерден үміткерлер қатысты.
Кіре беріс фойеге қолөнер жанры бойынша қатысқан балалардың өз қолдарымен жасаған туындылары көрме етіп қойылды.
Шараға келген қонақтар ерекше балалардың қолөнерін таңдана тамашалады.
Одан соң шара басы тақырыптық бейне роликпен бастау алып, мәдениет үйі өнерпаздарының әуезді әндерімен жалғасты. Алғашқы сөз алған Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы Ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың болашаққа деген құлшынысына, өнеріне шабыт тілеп, ата-аналарына ризашылығын білдірді.
Ары қарай шараның ашылу салтанатында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-і инклюзивті білім беру орталығының меңгерушісі, Педагогика ғылымдарының кандидаты, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаевалар сөз сөйлеп, ерекше балалардың өмірге құштарлығына, он саусағынан өнерлері тамған шеберліктеріне, сарқылмас күш-жігерлеріне, қамқор болып жүрген ата-аналарына шынайы алғыстарын білдірді.
Өнер фестиваліне Ән жанры бойынша қатысқан ерекше балалар патриоттық және Түркістан тақырыбындағы әндерін нақышына келтіре шырқады.
Барлық қатысушылар Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталып, әр балаға бағалы сыйлықтар табысталды.
Балаларға жасалған қамқорлық пен жақсылыққа дән риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, еңбектеріне жеміс тілеп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

БАЛАЛАР ҚУАНҒАН КҮН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі