kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

2 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” АКЦИЯСЫ  ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық заңгері» акциясының маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол бұл акция арқылы азаматтарға тегін заңгерлік көмекті қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және әділеттілікті қолдау мақсатында тиімді жүйе қалыптастыру керектігін айтты. Мемлекет басшысы акция халықтың құқықтарын қорғауға, заң алдындағы теңдікті нығайтуға септігін тигізетінін және қоғамдағы сенімді арттыратынын ерекше баса айтты. Сонымен қатар, ол құқық қорғау органдары мен заңгерлер арасында үйлесімді жұмысты күшейту қажеттігін тапсырды.

Аталған шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық көмекке мұқтаж тұрғындарға жедел әрі сапалы кеңес беру.

Іс-шара аясында тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар мен медиаторлар, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қала тұрғындарын қабылдап, олардың құқықтық сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Кеңес беру барысында жылжымайтын мүлік, жер қатынастары, әлеуметтік көмек, алимент, зейнетақы мен жәрдемақы, еңбек даулары және өзге де маңызды мәселелер қаралды.

Келушілер көптеген көкейкесті сұрақтарына заң аясында нақты жауаптар алып, кейбірі сол жерде-ақ оң шешімін тапты. Мамандар күрделі жағдайларда қандай қадамдар жасау керектігін түсіндіріп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесті.

Шараға қатысқан облыстық және қалалық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызын ерекше атап өтті. Олардың айтуынша, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру — құқықбұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолы.

“Халық заңгері” акциясы билік пен халық арасындағы байланысты күшейтіп, өзара сенімді арттырады. Сонымен бірге, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметі туралы нақты мәлімет алуына, өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне ықпал етеді.

Айта кету керек, қала тұрғындары осындай акциялардың тұрақты түрде өткізіліп тұруын қалайтындарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келесі жаңалық

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ТҮРКІСТАН БАЛАFEST» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі