kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА 1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

4 июня, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Қоғам
0
КЕНТАУДА 1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барша қазақстандықтарды құттықтап, балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғау мемлекеттің басты басымдығы екенін атап өтті. Ол әрбір баланың сүйіспеншілік пен қамқорлықта өсіп, болашағына сенімді болуы маңызды екенін айтты.

Президенттің пікірінше, балалар – еліміздің болашағы, сондықтан оларға ұлттық құндылықтарды, еңбекқорлықты, білімге ұмтылуды, тарих пен мәдениетке құрметті сіңіру қажет. Сондай-ақ, ол балалардың білім, шығармашылық және спорттағы жетістіктері арқылы отбасылары мен достарын қуантуын тіледі. Президент балалар мен барлық отандастарға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.

Президент барлық мемлекеттік органдарға бала құқығын қорғау, олардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуетін толық ашуға жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс істеуді тапсырды.

Осы бастамалар негізінде Кентау қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Кентау қаласында мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында балалар ән айтып, би билеп, түрлі музыкалық және сахналық қойылымдар ұсынды. Қаланың шығармашылық үйірмелерінде тәрбиеленіп жүрген оқушылар өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік кешке Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, балаларды айтулы күнмен құттықтады.

«Балалар – біздің болашағымыз, ең қымбат байлығымыз. Сіздерге шат-шадыман балалық шақ, денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Әрбір күніңіз қуаныш пен армандарға толы болсын!» – деді.

Сонымен қатар, мерекелік кешті қыздырған көңілді флешмоб пен ойындар балалардың көңілін көтеріп, оларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Алдыңғы жаңалық

БАЛАЛАР ҚУАНҒАН КҮН

Келесі жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі