kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

4 июня, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Қоғам
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударады. Ол құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық қағидаттарын жас ұрпақтың бойына ерте жастан сіңіру қажет екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне балаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулуды қолға алуды тапсырған болатын.

Осы бағытта елімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мысалы, 2024 жылы «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» республикалық сурет байқауы өтті. Бұл байқауда 3 500-ден астам жұмыс ұсынылып, 564 қатысушы жеңімпаз атанды. Шараның мақсаты — балалардың адалдық пен әділеттілікке деген көзқарасын шығармашылық арқылы білдіру.

Мұндай іс-шаралар Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Олар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда әділеттілік пен адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Осы бастамаларды негізге ала отырып, Кентау қаласында 1 маусым — Балаларды қорғау күні аясында 6-16 жас аралығындағы балалар арасында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты қалалық сурет байқауы өтті.

Шараға 33 қатысушы қатысып, балалар адалдық пен әділдік туралы ойларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын сурет арқылы жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды: 1 орын — диплом және теледидар, 2 орын — екі қатысушыға диплом мен планшет, 3 орын — диплом және ұялы телефон.

Қалған қатысушыларға Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Жүлделерді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова табыстап, қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебізін білдірді.

Балаларға қуаныш пен мотивация сыйлаған бұл шара олардың өнерге қызығушылығын арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға да зор үлес қосты.

Іс-шара Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА 1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

Кентау: «Қария сөзі – киелі, өсиеті – өнеге»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі