ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ
2025 жылдың 5 айында ауданның жалпы өңірлік өнімі 16,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 161,5%-ға артып отыр. (2024 жылдың 5 айында 10,4 млрд. теңге) Жыл соңына дейін өнім көлемін 135,0 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы:
Ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылдың 5 айында 6,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 112,5%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласында 5,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 111,8%-ды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 4,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Құрылыс жұмыстары есепті кезеңде 3,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есеге артты.
Сауда саласында 0,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 115,4%-ды құрады.
Өңірлік өнім көлемін артыру мақсатында, ауданның 2030 жылға дейін 3 бағыт бойынша даму жоспары әзірленді. Атап айтқанда:
- Ауыл шаруашылық саласын дамыту; (мал шаруашылығын дамыту, егін шаруашылығын дамыту, құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту)
- Өнеркәсіп саласын дамыту; (жиһаз жасау, құрылыс материалдарын өндіру)
- Туризм саласын дамыту; (емдік сауықтыру, демалыс аймақтарын құру)
Нәтижесінде, жалпы құны 209,3 млрд. теңгені құрайтын 254 инвестициялық жобаны іске асырып, 4 162 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз.
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Шаға ауыл округінен 30 гектар жер бөлініп, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Жыл қорытындысымен 10 ғимарат іске қосылып,
- Тоңазытқыш өндіретін «Жасыл суық»,
- Жиһаз өндіретін «Aqniet Holding»,
- Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» және
- «Тұран су» мекемелері жұмыс жасауда.
Жыл соңына дейін дрон, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық өнімдер, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін шығару және басқа да тауарлар өндіретін 30 өндірістік ғимараттар пайдалануға берілетін болады.
Салынатын инвестиция көлемі 100,0 млрд.теңгені құрап, 1 500 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Сонымен қатар, Шаға өндірістік паркіне қосымша 70 гектар жер бөлінді, қазіргі таңда инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.
Бұдан бөлек Қарашық, Иассы, Шорнақ, Үшқайық, Жүйнек ауыл округтерінен 55 гектар жер бөлініп, 5 өндірістік алаңдар құрылды. Аталған алаңдарға 115 цех салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңға 60 кәсіпкермен меморандум түзіліп, 30 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады. 30 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 1 094 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
ТУРИЗМ
Ауданда зиярат туризмі дамыған, 54 тарихи нысандар орналасқан. Оның ішінде, республикалық маңызды – 3 нысан бар. (Сауран қалашығы, Үкаша ата құдығы, Жүсіп ата кесенесі)
Өткен жылы тарихи нысандарға келушілер саны 100 мың адамға жуықтаған.
Ағымдағы жылы туризм саласында жалпы құны 5,3 млрд.теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 164 адам жұмыспен қамтылады.
| № | Қызмет түрі | Инвестиция сомасы, млн тг. | Жұмыс орны, адам |
| 1 | «Dala Resort» Демалыс аймағы (Оранғай а/о) | 1 500,0 | 50 |
| 2 | «Bauyrsak» Жол бойындағы қызмет көрсету орталығы (Шорнақ а/о) | 424,0 | 20 |
| 3 | «ХАМДАН» Жол бойындағы қызмет көрсету орталығы (Қарашық а/о) | 400,0 | 10 |
| 4 | «Нурмаурат » Емдік сауықтыру орталығы (Үшқайық а/о) | 200,0 | 10 |
| 5 | “SakeTau Resort” Демалыс аймағы (Бабайқорған а/о) | 300,0 | 4 |
| 6 | «Озен» Демалыс аймағы (Иассы а/о) | 500,0 | 10 |
| 7 | «Кульжан» Жол бойындағы қызмет көрсету орталығы (Шорнақ а/о) | 500,0 | 10 |
| 8 | «ATLANTIS AQUAPARK» Балалар демалыс аймағы (Шаға а/о) | 1 500,0 | 25 |
| 99 | «MANGO» Демалыс аймағы (Оранғай а/о) | 1 000.0 | 25 |
| Барлығы | 5 324,0 | 164 |
Сонымен қатар, Үшқайық ауылдық округіндегі минералды су көздерін тиімді пайдалану мақсатында, емдік сауықтыру және демалыс аймағын құруға 20 гектар жер учаскесі белгіленді.
Қазіргі таңға аукцион арқылы 4 кәсіпкер анықталды. Алдағы уақытта 14 жоба іске асырылып, 5,0 млрд. теңге инвестиция тартылатын болады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ саласында 2025 жылдың 5 айында 6,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 112,5%-ды құрады. (Оның ішінде: мал шаруашылығы – 6,0 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығы – 0,8 млрд. теңге) Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 102,0 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
2025 жылы ауыл шаруашылығы саласында құны 16,4 млрд. теңгеге 13 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.
- «Дидар» ШҚ (Шаға а/о) жылыжай кешені, жоба құны – 1,1 млрд. теңге;
- «Жанболат» ШҚ (Жібек Жолы а/о) жаңбырлатып суару, жоба құны – 600 млн. теңге;
- «Әл-Береке» АШӨК (Оранғай а/о) 10 мың бас уақ малға арналған мал бордақылау алаңы, жоба құны – 1,1 млрд. теңге;
- «ИС Жангир» ЖШС (Жібек жолы а/о) 400 га тамшылатып суару арқылы мақта өсіру, жоба құны – 1,0 млрд.теңге;
- «Гүлнар» ШҚ 350 га тамшылатып суару арқылы мақта өсіру, жоба құны – 500 млн. теңге;
- «YSD-Агро» ЖШС (Шорнақ а/о) жаңбырлатып суару, жоба құны – 850 млн. теңге;
- «JMJ агро» ЖШС (Жібек Жолы а/о) жаңбырлатып суару, жоба құны – 700 млн. теңге;
- «Сымбат техникасы» ЖШС (Шаға а/о) жылыжай кешені, жоба құны – 1,4 млрд. теңге;
- «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС (Жаңа Иқан а/о) жаңбырлатып суару, жоба құны – 1,2 млрд. теңге;
- «Мырзахан» ШҚ (Бабайқорған а/о) мал бордақылау алаңы, жоба құны – 3,0 млрд. теңге;
- «Eco-Chiken» ЖШС (Шаға а/о) ет бағытындағы құс фермасы, жоба құны – 2,5 млрд.теңге;
- «Ақ Сауран» ЖШС – 700 га жаңбырлатып суару қондырғысын орнату – 1,5 млрд.теңге.
- «БНК Агро» ЖШС – 1200 басқа арналған тауарлы сүт ферма құрылысын кеңейту және 600 бас ІҚМ әкелу, жоба құны – 1,0 млрд.теңге.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аудандағы жалпы мал саны – 535,2 мың басты, құс саны – 139,9 мың басты құрады.
Мал шаруашылығын дамыту бағытында 12 ауылдық округтен – 231 гектар жерге 196 алаңшаға мал бордақылау алаңдарына белгіленіп, 20 шаруа қожалығы құрылыс жұмыстарын бастады.
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 43,6 мың гектар жерге егілсе, 2025 жылы 43,8 мың гектарға егілді.
ГАЗБЕН ҚАМТУ
Өткен жылы Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Бершінтөбе, Ойық елді мекендері табиғи газға қосылып, газбен қамту көрсеткіші 43,3 пайызды құрады.
Қазіргі таңда, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне жеткізуші магистральды газ құбыры және Оранғай елді мекенінде ішкі газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қосымша 1790 абонент қосылып, газбен қамту көрсеткіші 45,6 пайызға жетеді.
Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап аудан орталығындағы Аша, Қосмезгіл, Шорнақ елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылысы басталады.
Қалған ауылдарды ішкі газ құбырымен қамтамасыз ету мақсатында 7 жоба әзірленіп республикалық бюджетке ұсынылды. (Шыпан, Жүйнек, Қарашық, Құмтүйін, Шекербұлақ, Бостандық, Қосқорған) және Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне баратын жеткізуші магистральды газ құбыры жүйесінің құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ
Ауданда 33 елді мекен бар, оның ішінде 32 елді мекенде ауыз су құбырлары тартылған.
Өткен жылы 14 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 29 елді мекен 24 сағат ауыз сумен қамтылды.
Ағымдағы жылы Ескі Иқан, Жүйнек, Қазақстанның 30 жылдығы, Егізқара елді мекендерінің ауыз су жүйелері жөндеуден өткізіліп, 24 сағат ауыз сумен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, С.Қожанов елді мекендерінің жаңадан қоныстанған аумақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жүйнек, Ибата, Абай, Еңбекші Дихан елді мекендерінің жаңадан қоныстанған аумақтарына жобалық сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Бабайқорған, Үлгілі, Серт елді мекендеріндегі ауыз су тарату орталықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ
2024 жылы жергілікті бюджет есебінен 56 дана трансформаторлар ауыстырылды және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі есебінен 17 шақырымды құрайтын электр желілері ауыстырылып, 4 дана трансформатор орнатылды. Ағымдағы жылы бюджет есебінен қосымша 12 трансформатор орнатылса, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі есебінен 5 трансформатор орнатылады және 13,0 шақырым электр желілері ауыстырылады.
Жаңадан қоныстанған аумақтарға 25 жоба әзірленіп салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Бүгінгі таңға 3 жоба қолдау тауып, Ибата, Бостандық, Абай елді мекендеріндегі ескірген электр желілері бағаналары ауыстырылатын болады.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы аясында, 315 сенбілік іс-шарасы бекітіліп, оның қазіргі таңда 90 сенбілік іс-шарасы өткізілді.
Сенбілікке 15 321 тұрғын қатысып, 352 дана техника тартылып, 965,4 тонна қоқыс шығарылды.
(Полиция тарапынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 274 хаттама толтырылып, 5 млн. 100 мың теңге айыппұл салынды.)
Ағымдағы жылы тазалық мекемесінің материалдық базасын нығайту мақсатында 12 дана трактор, 12 дана мотоцикл, 2 дана жүк тиегіш (погрузчик), 1 жүк көтергіш автокөлік (автовышка), 1 дана су сорғыш арнайы техникасы сатып алынады.
ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
Аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырымды және елді мекен жолдары 732 шақырымды құрайды, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар — 70 пайыз.
Ағымдағы жылы:
- Аудандық маңызы бар 4 шақырымды құрайтын Теке ауылының орталық көшесі;
- Қаражон-Ынталы елді мекендері арасындағы 6,3 шақырым жол;
- Бабайкорган-Игилик-Майдантал арасындағы 9 шқ жол;
- Жүйнек, Жаңа Иқан ауыл округтерінде 11,8 шақырымды құрайтын 12 көше орташа жөндеуден өткізілетін болады.
Нәтижесінде жолдардың қанағаттанарлық жағдайы – 75 пайызға жетеді.
Аудан бойынша 56 көпір бар. Өткен жылы оның ішінде 12 көпірге жөндеу жұмысы жүргізілді.
Ағымдағы жылы Қарашық-Қарнақ жолындағы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінен өтетін «Көксарай» көпірінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН ҚАМТУ
Ауданішілік жолаушылар тасымалына 4 бағыт бойынша қоғамдық автокөлікпен қамтамасыз етілді.
Қосымша 4 бағыт ашу бойынша жұмыстар атқарылуда.
БЮДЖЕТ
2025 жылы бюджет көлемі 13,6 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде: жергілікті өзіндік кірістер 3 млрд. 360 млн. теңге жоспарланды немесе өткен жылмен салыстырғанда 183 млн. теңгеге артты. (2024 жылы нақты 3 177 млн. теңгеге орындалған) Жыл соңына дейін жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, қосымша 200,0 млн. теңгеге арттыру бойынша жұмыстар жүруде.
ҚҰРЫЛЫС
Тұрғын үй кезегіне 1 975 азамат тіркелген.
Әкімшілік іскерлік орталығынан 2 көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 48 отбасыға пәтер кілттері табысталды.
Сонымен қатар, Жүйнек елді мекенінде көп пәтерлі тұрғын үй салынып, 16 отбасы баспаналы болды.
Ағымдағы жылы, қосымша 4 пәтердің кілттері табысталатын болады.
Сонымен қатар, Орталықтан аудандық әкімшілік, прокуратура, полиция бөлімі, аумақтық органдар және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараттары пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсетуде.
1 маусым күні Шорнақ елді мекенінде Балалар саябағы ашылса, әкімшілік іскерлік орталық аймағынан, рәміздер алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Ауданда халық саны 103 451 адамды құрайды. Оның ішінде: Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны — 39 903 адам.
2025 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 6 898 азамат әлеуметтік шаралармен қамтылады. 5 айдың қорытындысымен 2 188 адам қамтылды.
Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан, 4,7%-ға төмендейді.
Ағымдағы жылдың 5 айында 1 501 адамға 55,6 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 2024 жылмен салыстырғанда көмек алушылар саны 812 адамға немесе 35 пайызға азайды.
Сауықтыру орталықтарына ағымдағы жылы зейнеткерлерге 470 жолдама бөлінді.
Мүгедектігі бар 1 041 азаматтар техникалық оңалту құралдарымен қамтылды.
Ораңғай ауылынынан 200 орындық ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған оңалту орталығы іске қосылып, 200ге жуық жұмыс орындары ашылды. Орталықта 5 айда 1000-ға жуық адам емделді және 50 орындық ерекше балаларға арналған оңалту орталығының ғимараты салынып жатыр, 1 шілдеге пайдалануға беріледі.
МӘДЕНИЕТ
Ауданда 4 мәдениет үйі, 11 клуб, 29 кітапхана бар. Мәдениет саласында 134 қызметкер жұмыс жасайды.
Бұл саланы дамыту үшін «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында аудан орталығында 500 орындық мәдениет сарайы, Бабайқорған ауылынан 150 орынды клуб пен кітапхана құрылыс жұмыстары жүруде және Қарашық ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілуде.
Мәдениет саласы қызметкерлерінің жетістіктері:
Республикалық «Термешілер байқауында» Шерхан Әлібеков бас жүлде иеленсе, VII Республикалық шығармашылық өнер фестивалінде ауданымыздың «Ай-Тұмар» би ұжымы І орынға ие болды.
Сонымен қатар, аудан өнерпаздары 22 жүлделі орынға ие болды.
Республикалық байқауда – 3 жүлделі орын;
Халықаралық байқауда – 2 жүлделі орын;
Облыстық байқауда – 17 жүлделі орын.
СПОРТ
Ауданда 7 спорт мектебі мен клубтары жұмыс жасайды. Оның 3-і жекеменшік спорт мектептері. Онда 6-17 жас аралығындағы 3 283 жасөспірімдер спорттық үйірмелерге қатысады. Спортпен қамту үлесі 42,6 пайызды құрайды.
Ағымдағы жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында аудан орталығында спорт кешенінің құрылысы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, «Орталық футбол стадионы» құрылысына жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.
Спортшыларымыздың жетістіктерін атап өтетін болсам:
Ø Үндістан Республикасы, Нью-Дели қаласында өткен белбеу-алыш күресінен ауданымыздың спортшысы Алтынбек Жалғас Азия чемпионы атанды.
Ø Өзбекстан Республикасы, Нукус қаласында өткен белбеу күресінен ауданымыздың спортшы қызымыз Сайдрасулова Дилдора қола жүлде иеленді.
Осындай әлемдік, республикалық, облыстық деңгейлерде ауданымыздың спортшылары 27 жүлделі орынға ие болды.
БІЛІМ БЕРУ
Ауданда 62 мектепте 25 686 оқушы білім алуда.
(Жалпы орта мектеп — 38, Мектеп-интернат — 1, Бастауыш – 5, жекеменшік мектеп – 18, мемлекеттік балабақша – 13, жеке меншік балабақша – 45)
Ағымдағы жылы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында С.Қожанов, Аша елді мекеніндерінен 2 мектеп жаңа оқу жылына пайдалуға беріледі.
Абай елді мекенінде 300 орындық мектептің құрылысы басталса, күрделі жөндеуге тиімсіз болып тұрған Майдантал және Құмтүйін елді мекеніндегі мектептердің құрылысына және 300 орындық «Оқушылар сарайы» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары рәсімделуде.
Ағымдағы жылы жылы Ж.Тәшенов, Амангелді және Молда Мұса мектептері күрделі жөндеуден өтетін болады.
Биыл 1 579 оқушы 11 сыныпты аяқтады. Оның ішінде: 104 оқушы «Алтын белгіге» үміткер, 131 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
ҰБТ-ға қатысатын оқушы саны – 1 427. Аудан көлемінде ең жоғарғы 137 балды Қазыбек би мектебінің оқушысы Абен Назгул жинады. Аудан бойынша ҰБТ-ның орта балы – 78-ді құрап отыр.
ДЕНСАУЛЫҚ
Ауданда 34 емдеу–профилактикалық мекемелер қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда 108 дәрігер, 432 орта медициналық қызметкер жұмыс атқаруда.
2025 жылдың 5 айында нәресте және ана өлімі тіркелмеген
Аудан орталығынан 500 келушіге арналған емхананың жаңа ғимаратының құрылысын мемлекеттік жекешелік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында іске асыру жоспарлануда.
Сауран ауданының әкімі М.Таңғатаров

