kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық округінің 2025 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары

9 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат
0
Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық округінің 2025 жылдың 5 айында  атқарған жұмыстары
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа Иқан ауылдық округі Сауран аудан орталығынан 80 км қашықтықта орналасқан, екі елді мекеннен құрылған, яғни Ибата және Ойық елді мекендері. Ойық ауылы орталықтан 20 км қашықтықта орналасқан. Одан басқа, Қызыл-Ту, Ақтөбе, Нұра учаскелері бар. Оларда малшылар, маусымдық шаруа қожалық жұмысшылары қоныстанған. Нұра учаскесі  орталықтан 45 км қашықтықта орналасқан.

Жалпы халық саны 7807  адам, Ибата ауылында 1130 отбасы,   7732 адам, Ойықта 39 отбасы, 75 адам тұрады. Олардың ішінде қазақтар-1021 адам, 13,1,0%, өзбектер–6763 адам, 86,6%, өзге ұлт өкілдері-22 адам, 0,3% құрайды.

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша жұмысқа қабілетті 2978 адамнан 1666 адам ауыл шаруашылығында істейді. Ауылдық округі әкімі аппаратында 18, білім беру саласында 478, денсаулық саласында 41, бала бақшаларда 79, тағы өзін-өзі жұмыспен қамтығындар және басқа салаларда 696 адам жұмыс атқаруда.

Демография бойынша ауылда 2025 жылдың 5 айында  52 бала туылып, 14 адам қайтыс болған. Көшіп келгендер, көшіп кеткендер жоқ.

Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы туралы

Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппараты 2025 жылға бекітілген жоспар негізінде жұмыс атқарылды.

Ауылдық округі әкімі аппаратында 18 қызметкер, оның ішінде         8-і мемлекеттік қызметкер, 10-і келісім шартпен жұмыс істейді.

Ауылдық округі әкімі аппаратына 2025 жылдың 5 айында   мекемелерден 531 қатынас хат келіп түсіп, жауап берілген, мекемелерге 264 шығыс хат жолданған.

Ауылдық округі әкіміне 2025 жылдың 5 айында   жеке тұлғалардан 20 өтініш тіркеліп, жауаптары уақытылы беріліп қанағаттандырылған. Заңды тұлғалардан өтініш түсіп тіркелмеген.

2025 жылдың 5 айында  ауылдық округ тұрғындарынан арыз шағымдар түсіп тіркелмеген.

Ауылдық округі әкімімен 2025 жылдың 5 айында  50 шешім,           86 (жеке құрам бойынша-70, негізгі қызмет бойынша-16) өкім қабылданған. Ауылдық округі әкімі аппаратында 2025 жылдың                5 айында  3 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық жоқ.

Ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі

Ауылдық округі бойынша ауыл шаруашлық саласында 216 шаруа фермер қожалығы және 3 ЖШС жұмыс жасап тур.

Бүгінгі таңға елді мекендердің 2778 га ортақ мал жайылымдық жерге мемлекеттік акт рәсімделген, қосымша ортақ жайылымға 106 гектар жерге мемлекеттік акті рәсімделуде. Елді мекендердің ортақ мал жайылымдық жерлерін ұлғайту бойынша 30 шаруа қожалықтың 4057,51 га  қайтаруға ұсынылған. Одан бөлек, ортақ мал жайылымға пайдалану үшін 27 шаруа қожалықтарымен 9227,88 га жайылымдық жерге меморандум жасалынды.

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2025 жылдың өніміне егілген

дақылдар көлемі

№ Дақыл түрі Егіс көлемі,

га

1 Күздік бидай 1315
2 Жаздық бидай 100
3 Дәндік жүгері 150
4 Мақсары 150
5 Мақта 200
6 Ескі жоңышқа 1050
7 Жаңа жоңышқа 650
8 Сүрлемді жүгері 50
9 Картоп 20
10 Көкеніс 100
11 Бақша 430
Барлығы 4215

 

Мал шаруашылығы бойынша:

 

 

№

 

Малдың түрі.

 

01.06.2025 ж

1. Ірі қара 5950
2. Қой ешкі 36370
3. Жылқы 965
4 Құс 3540

 

Салық жоспары туралы

№ Салық түрлері 2025 жыл

5 айлық жоспар

Орындалғаны (мың теңге) %
2 Мүлік жер салығы 595 604 101,5
3 Көлік салығы 9483 16483 173,8
4 Бірыңғай жер салығы 0 1981 0
4 Жеке табыс салығы 3979 9833 247.1
Салық емес түсімдер
5 Айыппұлдар — —
6 Жалға беру — —
7 Жер сатудан 1980 4482 226.4

 

Кәсіпкерлік саласы

Ауылдық округ бойынша 30 жеке кәсіпкерлер  мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп жұмыс атқаруда. Кәсіптерінің басты бағыты    азық-түлік дүкендері, наубайхана, дәріханалар, компьютерлік қызметтер, жанар жағар май құю бекеттері, көлік жөндеу, желімдеу және көлік жуу орталықтары, монша, құрылыс заттары дүкені және тағы басқа да кәсіптің түрлерімен айналысады.

Білім беру саласы

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2024-2025 оқу жылында        6 мектепте оқушылар білім алуда.

«Ұлықбек» жалпы орта мектебі 1984 жылы салынған, сыйымдылығы 1176 орындық, «Ұлықбек» жалпы орта мектебінде бүгінгі таңда 816 оқушы білім алуда, 173 мұғалім жұмыс істейді.

Ойық ауылында «Ойық шағын жинақталған бастауыш мектебінде» 8 қызметкер 4 мұғалім жұмыс жасайды, онда 12 оқушы білім алады.

«Жаңа Иқан» негізгі мектебінің құрылтайшысы Д.Ирисбаев. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Жаңа Иқан» мектебінде 452 оқушы, 56 мұғалім жұмыс істейді.

2023 жылдың қазан айынан бастап жаңадан ашылған  «Мектеп Жаңа Иқан 2» негізгі мектебінде 269 оқушы, 32 мұғалім жұмыс істейді. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда 229 орындық.

«Дарын.kz» орта мектебінің құрылтайшысы А.Мирзаханов. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда  400 орындық, бүгінгі таңға «Дарын.kz» орта мектебінде 349 оқушы, 47 мұғалім жұмыс істейді, «Дарын.kz1» орта мектебінде 263 оқушы, 33 мұғалім жұмыс істейді.

Ауылда «Ақ көгершін» бөбекжай бала бақшасында 48 қызметкер жұмыс істейді, онда 9 топта 180 бала тәрбиеленуде.

Ауылда «Ханшайым» бөбекжай бала бақшасында 27 қызметкер жұмыс істейді, онда 8 топта 195 бала тәрбиеленуде.                                                  «Аманат білім» бала бақшасында 16 қызметкер жұмыс істейді,4 топта 75 бала тәрбиеленуде.

 

 

№ Білім беру мекемесінің атауы Қызметкерлер саны Мұғалімдер саны Оқушылар саны
1 Ұлықбек жалпы орта мектебі 34 173 816
2 Ойық бастауыш мектебі 8 4 12
3 «Метеп Жаңа Иқан» негізгі мектебі 79 56 452
4 «Мектеп Жаңа Иқан 2» негізгі мектебі 40 32 269
5 «Дарын.kz» орта мектебі 60 47 349
6 «Дарын.kz1» орта мектебі 11 33 263
7 «Ақ көгершін» бала бақшасы 48 21 180
8 «Ханшайым» бөбекжай балабақшасы 27 11 195
9 «Аманат білім» бала бақшасы 16 7 75
Барлығы 323 384 2611

 

 

 

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту бойынша:

р/с Атауы 2025 жылдың 5 айында
1 Әлеуметтік жұмыс орны 48
2 Жастар практикасы 7
3 Ақылы қоғамдық жұмысқа тарту 25

 

 

Әлеуметтік сала бойынша

 

Атауы 2025 жылдың 5 айында
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 35 отбасы құжжат тапсырған 24 қабылданған, 135 адам,

 

қайтарылғаны  11 отбасы .

 

Жалпы төленген қаражат:

4585787теңге

 

Денсаулық саласы

Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы «Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясы және «Авиценна-А» қызметкерлері атқарады.

«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясында жалпы жұмысшылар саны 41 адам, 4 жоғары білімді және 28 орта мед. Қызметкерлер, кіші буын қызметкерлері 4 және 5 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді. Дәрігерлік емханада 11 орындық (койка) күндізгі емхана жұмыс жасайды.

«Авиценна-А» емханасында 1 дәрігер, 4 кіші мед.қызметкер және 1 акушер жұмыс атқарады.

Мәдени-спорттық іс-шаралар

Ауылдық округінде 1 мәдениет үйі бар, онда 5 қызметкер (мәдениет үй директоры-1, әдіскер-1, музыкалық жетекші-1, үйірме жетекші-1, оператор-1) және 4 үйірме (хор, ән, көркем сөз, ұлттық аспаптар) жұмыс істейді. 2025 жылдың 5 айында  33 мәдени іс-шаралар өткізілді. Жалпы қамтылған адам саны 2743 адам.

Алты кітапхана бар, ондағы кітаптар саны 40834 дана, содан       22064 оқулық кітаптар. 2025 жылдың 5 айында кітапханаларда            64 іс-шаралар өткізілген.

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай, апа-әжелеріміз, көп балалы аналар, қыз-келіншектерді елеулі мерекесімен құттықтап, сый-сияпат табысталды. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде ауылдық деңгейде атап өтіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арнап орнатылған ескерткіш алдында,  Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізіліп, тыл ардагерлеріне сый құрмет көрсетіліп, мерекелік дастархан жайылды.

Елді мекендегі байланыс көздері туралы ақпарат

 

№ Байланыс атауы Байланыс көзі (+,-) Ескерту
1 Қазақтелеком +
2 Интернет +
3 Ұялы байланыс, оның ішінде:
Kcell (aktiv) +
Beeline +
Tele2 +
Altel +

 

Әскер қатарына шақыру

Ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 5 айында   әскерге шақырылушылардың саны туралы мәлімет

 

№ Орындалу мерзімі Барлық шақырылушылар

дың саны

Комиссиядан өткендер саны Оның ішінде ОДС іріктелгені Әскерге кеткені
 

1

 

2025 жыл

 

237

 

28

 

4

 

4

 

 

Абаттандыру, көгалдандыру және инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстар

 

Ауылда сенбіліктер ұйымдастырылып, ретсіз күл-қоқыстар жойылып, көше бойлары, арық-атыздар тазартылып сенбіліктер тұрақты жүргізіліп отырады.

Сенбіліктерде мекеме аумақтары, жол бойындағы қоқыстар мен өсіп жол жүруге кедергі келтірген шеңгелдер ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазаланды.

2025 жылдың 5 айында   жоспар бойынша көше бойы мен Ибата – Иқан елді мекендерінің аралығы 8 рет тазаланды, 17 дана ретсіз  жатқан күл-қоқыс жойылды. Жалпы 2286 түп ағаш әктелді. 4 шақырым аяқжол тазаланды. 1078 ш.м. үй іргелік аулалар тазаланды.

Ауылдық округі аумағында орналасқан 4 дана бұлақ көздері мен 2 дана балалар алаңшалары тазаланып ретке келтірілді. Ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 5 айында  жалпы 18 рет сенбілік өткізілді.

Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 342,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көшелердегі ретсіз төгілген күл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.

Ойық елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған ауыз су нысанының құрылысы  аяқталып, 21 үй таза ауыз судан пайдалануда.

Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 940 үйге су құбыры жүргізілген. Бүгінгі таңда 692 үй тұрақты ауыз судан пайдалануда. Қалған 248 үй жақын бұлақ көздерінен, көше бойындағы артезиан суларымен және ауладағы құдық суларынан пайдалануда. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бар.

Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен    (400 үй)  қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Жаңа Иқан ауылдық округі.Ибата елді мекенің ауызсумен қамтамасыз етілгені туралы мәлімет

1.Водазабор аумағы 1га қоршалған.

2.Су жинағыш резервуар-2 дана.Сиымдылығы-600 м3

3.Су мұнарасы-1 дана.Сиымдылығы 25 м3

4.Теңгерім ұстаушы МКК.Сауран су

5.Ауыз судың берілу уақыты-24 сағат

6.Жоспарланып отырған жұмыстар, жаңадан тұрғызылған 400 үйге, ауыз су жүйесін жүргізу.

7.Халық саны-7732

8.Үй саны-1117

9.Абонент саны-940.Содан 692 абонент ауыз су қолданады

 

 

 

Мекемелер тізімі

Р/с Мекеме атауы Пайдаланушылар саны Сауран су мекемесімен келісім шарт жасалған
1. Ауылдық округі әкімі аппараты 1 Жасалған
2. Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп КММ 1 Жасалған
3. Жаңа Иқан дәрігерлік емхана №19 1 Жасалған
4. Ақкөгершін балабақшасы 1 Жасалған
5. Жаңа Иқан мектеп ЖШС 1 Жасалған
6. Жаңа Иқан мектебі № 1ЖШС 1 Жасалған
7. Дарын KZ 1 Жасалмаған
8. Дарын KZ №1 1 Жасалмаған
9. Балабақша Ханшайым ЖШС 1 Жасалған
10. Орталық мешіт 1 Жасалған

 

 

 

 

Жаңа Иқан ауылдық округі. Ойық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етілгені туралы мәлімет

1.Водазабор аумағы 1га қоршалған.

2.Су жинағыш резервуар-2 дана.Сиымдылығы-140 м3

3.Су мұнарасы-1 дана.Сиымдылығы 15 м3

4.Теңгерім ұстаушы МКК.Сауран су

5.Ауыз судың берілу уақыты-24 сағат

6.Халық саны-75

7.Үй саны-39

8.Абонент саны-41.Содан 21 абонент ауыз су қолданады

 

 

Мекемелер тізімі

 

Р/с Мекеме атауы Пайдаланушылар саны Сауран су мекемесімен келісім шарт жасалған
1. Ойық шағын бастауыш мектебі 1 Жасалған
2. Намазхана 1 Жасалмаған

 

Ауылдық округі тұрғындарының газбен қамтылу жұмыстарының барысы туралы

Ауылдық округтегі Ибата елді мекенінде жоспар бойынша 1820 абонентті газға қосу жұмыстары жүргізіліп, нақты газ жүйесі жүргізілген абоненттер саны 1154. Бүгінгі таңға 490 абонент толық газға қосылған. Газбен қамтылуға тиісті абонент саны- 474. Ойық елді мекенінде жоспар бойынша 35 үйден 20 үй газға қосылған.

Төтенше жағдайлардың алдын алу

Ауылдық округі бойынша 2025 жылға төтенше жағдайдың алдын алуға арналған іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген. Су алу қаупі бар аймақтар анықталып, карта жасалған.

Ибата елді мекенінің су тасқынының алдын алу мақсатында, елді мекеннің  жоғарғы жағынан яғни таудан келетін суға 1600 метр жерге дамба салынған. Оған қосымша төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан қазылған қашыртқылардың 500 метр жиегі көтеріліп, ауылға кіретін арық атыздарға бөгет қойылды. Елді мекен ішіндегі 400 метр арық атыздардың арналарына тазалау жұмыстары жүргізіліп, Иқан су және Көкқия өзендеріндегі бөгеттер толық ашылды.

Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша ерікті жасақшылар тобы құралған және ЛК – 4 дана, Камаз — 3 дана, МТЗ-80 тракторы – 2 дана, Газ-53 – 4 дана көліктері бекітілген.

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2025 жылдың

5 айында  нақты атқарылған жұмыстар туралы мәлімет.

1.Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 1,2 млрд.теңге инвестиция тартылып 700 га жерге жаңбырлатын сұғару жүйесі орнатылуда.

2.Ауылдық округінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды тастау орнына (полигон) экскаватор тракторымен қазылып, 2 рет ЛК техникасымен тегістеу жұмыстары жүргізілді.

3.Ибата елді мекенін көгалдандыру мақсатында, ауыл тұрғындары өз аулалары айналасына және мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарға көшеттер отырғызды.

4.Ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ибата, Ойық елді мекендерінде көшелерді, арық-атыздарды тазалау, шарбақтарды ретке келтіру, жөндеу сырлау, ағаштарды бұтау, әктеу жұмыстары жүргізілді.

5.Ауылдық округі әкімі қызметкерлерімен Ибата мен Ескі Иқан елді мекендерінің аралығындағы асфальт жол бойын қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылды.

6.Кентау–Ашысай трассасының Ойық елді мекенінен өтетін жол бойына қоқыстан 3 рет тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоқыс тастайтын ыдыстар 4 жерге орнатылды.

  1. Жаңа Иқан ауылдық округі аумағынан мал бордақылау алаңын салу үшін 29 га жер телімі белгіленіп, 0,5 гектардан 48 учаскесіге бөлінді.
  2. Жаңа Иқан ауылдық округі аумағынан өндірістік  алаңын салу үшін 11,5 га жер телімі белгіленіп 0,5 гектардан 23 учаске бөлінді.
  3. Ибата елді мекенімен аэропорт аралығына 6 км жердің 3 км  топырақ жолға асар жолымен тас төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілді.
  4. Ибата елді мекенінде Алишер Новой, көшесіне  Ибудулла ата, Иқан, Сейтмуратболыс, көшесіне 51 дана істен шыққан түнгі жарық шамдары ауыстыру  жұмыстары атқарылды.
    11 .Ибата е/м ескі бағаналармен электр желіліерін ауыстыруға ЖСҚ әзірленген. Жоба құны – 1 987 125,0 мың теңге. Мердігер мекеме-ТОО Ынтымак Бес-Арыс».
  5. Ибата елді мекенінде Иқан Сейтмуратболыс және Ақтобе көшелеріне 5  дана  және Ойық елді мекеніне 1 дана остановка орнатылды.
  6. Жаңа Иқан ауылдық округі Ибата елді мекені Иқан кошесінің бойынынан  арка орнатылды.
  7. Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша Аул ел бесігі бағдарламасы аясында  жоспардағы Сабыр Рахимов,1551м, Мұса Нұрыш 1070м, Камалбек Насыр 1080м, Сейтмұратболыс 1552м,  Құмкент 3030м,  Достық 2500м, жалпы 10783м жолға шағыр тас төселіп  су себіп грейдер мен текістеліп каток техникасымен таптау жумыстары аткарылды .

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер

 

№ Өзекті мәселе Шешілуі
1 Ағын су мәселесі . Жаңа Иқан ауылдық округінде 1500 га жерде суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзенінде су қоймасын салу мәселесі. Түркістан қаласы әкімдігінің 20.11.2012 жылғы  №1462  қаулысымен «Жаңа Иқан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, Түркістан қаласы, Жаңа Иқан ауылдық округінен «Иқан су» су қоймасын салу үшін жалпы көлемі 180,0 гектар жер телімі тұрақты пайдалану үшін берілген. Мемлекеттік актісі (№19-307-036-114) алынған. Одан кейін 28.12.2012 жылғы Түркістан қаласы әкімдігінің 1705  қаулысымен Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырылған.

«Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде 1500 га жерде суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзенінде су қоймасын салу» жұмыс жобасы бойынша  03.10.2018 жылы   №19-0310/18  мемлекеттік сараптамасына оң қорытынды алынғын. «Иқан су» су қоймасының сыйымдылығы 7,3 млн/куб, жалпы 1500 гектар жер сумен қамтамасыз етіледі. Жалпы сметалық құны 3373,309 млн.теңге.

ТАПСЫРЫСШЫ: «ОҚО  құрылыс басқармасы» ММ

БАС ЖОБАЛАУШЫ: «Улмад»  ЖШС.

2 Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 950 үйге су құбыры жүргізілген. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен  қамтамасыз ету мәселесі. Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен  қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосып беру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына бюджеттен қаржы қарастыру.  Сауран аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімініе ауыз су жүйесі жүргізілетін көшелердің сызбасы, ауыл тұрғындарының хаттамасы, жаңадан салынған 400  тұрғын үйге ауыз су жүйесін жүргізуге анықтамасы тапсырылды.
3 Ибата елді мекені мен Аэропортқа Шаға ауылдық округі аралығындағы 13 шақырым жерге жол салу мәселесі. Түркістан облысының басқарма басшылары келіп ауыл тұрғындарымен осы мәселе бойынша кездесу өткізілген. Облыстық автожол басқармасы тарапынан 1 (бір) грейдер арнайы техникасы  жіберіліп, 13 шақырым жерге тегістеу жұмыстары жүргізілген.
4 Ибата елді мекені мен Ойық елді мекені арасындағы 16 шақырым жерге тозығы жеткен электр бағаналарды (320 бағана) ауыстыру мәселесі. Сауран аудандық мәслихатының төрағасы С.Байсбаевқа 18.11.2024 жылы № 40-13-19/473 шығыс хат жолданған.
5 Ойық елді мекенінің О.Рысдаулетов және бұрылыс О.Рысдаулетов көшелерін (2950 метр) асфальттеу мәселесі. Жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге және асфальттеуге бюджеттен қаржы қарастыру.

 

Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі  Тайыр Абдаев.

 

Алдыңғы жаңалық

Сауран ауданының 2025 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары

Келесі жаңалық

Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінің 2025 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі