«Жасыл ел» бағдарламасы — Қазақстанда 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан экологиялық және әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік жастар бағдарламасы. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған және жастарды елді көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына тартуды мақсат етеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ол жастарды экологиялық бастамаларға белсенді тарту, елді мекендерді көгалдандыру және жастардың еңбекке деген ынтасын арттыру қажеттігін баса айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында оларды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатыстыруды тапсырды. Осылайша, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы студенттер мен оқушыларды маусымдық жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту қажеттілігіне назар аударды.
Осы ретте, жергілікті атқарушы органдарға жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру және қолдау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бұл тапсырмалар жастардың экологиялық сана-сезімін дамыту және оларды елдің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында берілген.
«Жасыл ел» бағдарламасы – ел жастарының белсенділігін, еңбекке деген ынтасын арттырып, патриоттық сезімін оятатын маңызды жоба.
Жуырда Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы аясындағы жастар еңбек жасағының кезекті еңбек маусымы ресми түрде ашылды. Биыл маусым және шілде айларында NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 60 жасты жұмысқа тарту. Аталған жобаға биыл да қала жастары белсенді түрде атсалысып, туған өлкенің гүлденуіне өз үлестерін қоспақ.
Жобаның мақсаты:
– Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану;
– Қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жандандыру;
– Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру;
— Құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;
Негізгі бағыттары:
- Көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары – ағаш егу, саябақтарды, аулаларды, көшелерді тазалау.
- Орман шаруашылығына қолдау – орман шаруашылығына маусымдық жұмыс күші ретінде көмек көрсету.
- Жастарды жұмыспен қамту – жазғы кезеңде жастар еңбек жасақтарына тартылады.
Қамтылатын топ студенттер, колледж оқушылары, жұмыссыз жастар т.б. болып табылады.
Еңбек маусымы барысында жастар қала көшелерін тазарту, ағаш отырғызу, көгалдандыру секілді игі істермен айналысады.
Жыл сайын мыңдаған жас ел бойынша түрлі экологиялық жобаларға қатысып, тәжірибе жинайды, табыс табады және туған жерді көркейтуге үлес қосады.
Жасыл ел – жарқын болашақ кепілі!

