kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КЕНТАУДА ОҚУШЫЛАР МЕН ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ САПАЛЫ ТАМАҚТАНУЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

10 июня, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
КЕНТАУДА ОҚУШЫЛАР МЕН ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ САПАЛЫ ТАМАҚТАНУЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен тәрбиеленушілердің сапалы тамақтануын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Ол мектеп асханаларындағы тамақ сапасын жақсарту, санитарлық талаптарды сақтау және балалардың денсаулығын қорғау бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы білім беру мекемелерінде тамақтану сапасын бақылауды күшейтуді, балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуді, балалардың денсаулығына зиян келтіретін факторларды жою керектігін және осы бағытта тиісті министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мектептерде және оқу орындарында сапалы медициналық қызмет көрсетуді, профилактикалық тексерулерді жүйелі түрде өткізуді және салауатты өмір салтын насихаттауды тапсырды.

Бұл тапсырмалар оқушылардың денсаулығын қорғауға және олардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Осы ретте, Кентау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы білім беру ұйымдарында балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында оқу-семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, жалпы білім беретін мектеп директорлары мен медицина қызметкерлері қатысты. Семинарға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова төрағалық етсе, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрбақыт Рабат та қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Семинар барысында басқарманың бас маманы Айжан Қалымбетова «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтудың ең өзекті мәселелерінің бірі – оларды физиологиялық және гигиеналық талаптарға сай, сапалы әрі дұрыс тамақпен қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасап, ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Маман оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруда негізге алынатын нормативтік-құқықтық актілерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы бекіткен 2023 жылғы 4 сәуірдегі санитариялық қағидалар мен 2022 жылғы №ҚР ДСМ-16 бұйрығына енгізілген өзгерістер негізінде білім алушылардың жас ерекшелігі мен болу ұзақтығын ескере отырып, перспективалық екі апталық мәзір жасалатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, мәзір әзірлеуде тамақ өнімдерінің витаминді-минералды құрамы мен энергетикалық теңгеріміне ерекше мән беру қажеттігі айтылды. Бірыңғай стандарттарға сәйкес, қуыру, ащы дәмдеуіштер қосу секілді денсаулыққа зиянды аспаздық әдістер мүлде қолданылмайды. Жасыл көкөністердің дұрыс термиялық өңделмеуі, суды жеткіліксіз тұтыну сияқты факторлардың балалардың шаршауына, ас қорыту жүйесінің бұзылуына және оқу үлгерімінің төмендеуіне әкеп соғатыны да атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар беріліп, тәжірибе алмасу жүргізілді. Мұндай іс-шаралар балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету арқылы олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

 Сауран ауданында «Жасыл Сауран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  атқарылған жұмыстардың есебін беру баяндамасы

Келесі жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАУ АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі