kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

10 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат, Экономика, Қоғам
0
АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылдың І жартыжылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым жағдайы және алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салып, ауыл тіршілігін жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығы негізінде өтуде.

Ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында ауылдық округте 22,76 млн теңге бюджет қаржысы игеріліп, салықтық түсімдер 4,96 млн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 1505 гектар жерге егіс егілді. Мал басы 12 мыңнан асып, 59 шаруа қожалығы тіркелді. Өндірілген өнімдерді облыстық, қалалық және шетелдік нарыққа шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, округте 5 гектар жерге өндірістік аймақ құру және 10 гектар аумақта мал бордақылау алаңын ашу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жобалар кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

Аудан әкімі ауылдың даму әлеуетіне тоқталып, тұрғындардың көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтты. Ол Жібек жолы ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, білім, медицина, тазалық пен абаттандыру салаларында жоспарлы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Кездесуде тұрғындар жол, ауыз су, әлеуметтік нысандарды жөндеу, жұмыспен қамту және санитарлық тазалық мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшысы барлық көтерілген сұрақтар бойынша жауап беріп, алдағы уақытта оларды кезең-кезеңімен шешу жоспарларын ұсынды.

Алдыңғы жаңалық

АУДАН ӘКІМІ БАБАЙҚОРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

САУРАН: МАЙДАНТАЛДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі