kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров: «КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК»

10 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат
0
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров:  «КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК»
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аппараттық мәжілістерді нақты, тиімді және мазмұнды форматта өткізуді тапсырған. Ол бұл жиындардың формальды есеп беруге емес, шешім қабылдауға, мәселелерді нақты талдауға арналуы керек екенін баса айтқан.

Президент мәжілістерді:

— әр апта сайын,

— нақты көрсеткіштер мен деректерге сүйене отырып,

— тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағыттау керектігін тапсырды.

Мемлекет басшысы әкімдердің жұмысын бюрократиялық есептерге емес, нәтижеге қарап бағалау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, мәжілістерде жергілікті проблемалар, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым, халық үні секілді маңызды мәселелер тұрақты талқылануы тиіс екенін жеткізді.

Президент тапсырмалары аясында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына қатысты өзекті үш мәселе қаралды.

Алғашқы болып Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы Дилмурад Нұржанов әскерге шақыру бойынша көктемгі науқанның қорытындысы мен жоспардың орындалуы туралы баяндады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі Д және Е санатындағы отбасылар санын төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Ол әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуде мемлекеттік көмектер мен жобалардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Келесі болып ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ешжан Бектөре Қуандықұлы сөз алып, облыс әкімі бекіткен үш жақты келісімнің алты айлық жоспардан шығуы бойынша орындалуы жайында баяндама жасады. Ол агроөнеркәсіп кешені бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуы мен кейбір бағыттардағы кідірістерге тоқталып, нақты шешу жолдарын ұсынды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров баяндалған мәселелерге жеке-жеке тоқталып, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

«Жоспарлы көрсеткіштерге жету үшін әр бөлім өз жұмысын жүйелі, нақты көрсеткіштерге негізделе отырып жүргізуі тиіс. Әсіресе, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласындағы келісімдер бойынша жұмыстарды уақытында орындау және әскерге шақыру жұмыстары — басты назарда болуы керек. Ешбір бағыт бақылаусыз қалмауы тиіс. Әрбір тапсырма – нақты нәтиже беруі керек», – деді аудан әкімі.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН: МАЙДАНТАЛДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ЖҮЙНЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі