kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ЖҮЙНЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

11 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Қоғам
0
ЖҮЙНЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығы негізінде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров 2025 жылдың І жартыжылдығында Жүйнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелер және алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық әкімдік өкілдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Кездесу аясында Жүйнек ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Әмзеев 2025 жылдың бес айындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың даму қарқыны мен жоспарлы жобалар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, есептік кезеңде ауылдық округте бірқатар оң өзгерістер мен маңызды жобалар жүзеге асырыла бастаған.

Жүйнек ауылдық округінде биыл жалпы құны 4,28 млрд теңгені құрайтын 36 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл жобалар негізінен ауылды көркейту, инфрақұрылымды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Нәтижесінде, 267 жаңа жұмыс орны құрылуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауылішілік 10 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында 200 орындық балабақша, заманауи спорт кешені, газ және электр жарығы желілері салынуда.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров өз сөзінде: – Жүйнек ауылдық округі – ауданымыздағы әлеуетті аумақтардың бірі. Инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымдық бастамалар ауыл өмірін жақсартуға бағытталған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады, – деп атап өтті.

Алдыңғы жаңалық

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров: «КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК»

Келесі жаңалық

САУРАН: БОСТАНДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІН ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі