kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

2025 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша ауылдық округінің әлеуметтік — экономикалық дамуы туралы Иассы ауылдық округінің әкімі С.Пирметовтың есептік баяндамасы

11 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат
0
2025 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша ауылдық округінің әлеуметтік — экономикалық дамуы туралы Иассы ауылдық округінің әкімі С.Пирметовтың есептік баяндамасы
0
SHARES
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Иассы ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ, есепті кезеңде Еңбекші – Дихан және  Шойтөбе елді мекендерінде халық саны -3171, оның ішінде: Еңбекші Дихан – 2802 адам ер-1389, әйел-1413, Шойтобе – 370 адам, ер-157, әйел-213. Ұлттық құрамы: қазақтар – 1729, орыстар -1, өзбектер -1441.  Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны- 1962 адам.2025 жылдын 5 айында 5 адам қайтыс болған, 28 бала туылған.

Иассы ауылдық округіне қарасты  әлеуметтік қызмет нысандары: жалпы орта мектеп -4, дәрігерлік амбулатория-1, ФАП-1,    дәріхана-1,  мешіт -3, намазхана -1, бала бақша-3, АТС бөлімшесі -1, жылжымалы пошта қызметі-1,     3 мебел цехы, 1 матрас цехы, , сауда нүктелері — 7, заңды тұлғалар — 5, және 198 шаруа қожалықтары, халыққа қызмет көрсетуде.

 

Салықтық түсімдер

Иассы ауылдық округі бойынша 2025 жылға салық түрлері бойынша жылдық жоспар түсімдер 31 млн 420 мың теңге, орындалуы 25 млн 276.4 мың теңгені құрап отыр, жылдық жоспардың 80.4% орындалды. Атап айтқанда, жеке табыс салығы жоспар 9 395.1 миллион теңге, нақты-5 497,5 мың теңге 46.9% орындалды. мүлік салығы жоспар 450,0 мың  теңге, нақты – 94.9 мың теңге 21.1% орындалды. Жер салығы жоспар 420,0 мың  теңге, нақты – 270.6 мың теңге 65.7% орындалды. Көлік салығы жоспар 5 млн 700,0 мың теңге, нақты–6 млн 561,3 мың теңге 115,1% орындалды. Жер сатып алудан жоспар 3 млн 500 мың теңге — түскен қаражат 7 млн 313 мың теңге 209% орындалды. Бірыңғай жер салығы жоспар 2 млн 200 мың тенге, орындалғаны-1 млн 641,5 мың тенге. 75% орындалды.

№ Салықтың атаулары Жоспар 5 айда орындалғаны Пайызы
  Жылдық жоспар 31 420 000 25 276 400 80,4 %
1 Жеке табыс  салығы 20 000 000 9  395 100 46,9 %
2 Мүлік салығы 450 000 94 900 21,1 %
3 Жер салығы 420 000 270 600 65,7 %
4 Көлік салығы 5 700 000 6 561 300 115,1 %
5 Жер сатып алу 3 500 000 7 313 000 209 %
6 Бірыңғай жер салығы 2 200 000 1 641 500 75  %

 

Әлеуметтік сала.

31.05.2025 жылғы жағдай бойынша «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында 2025 жылы жұмыспен қамту шараларына қатысушылардың арналған бағдарлама шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының бөлінісі және орындалуы туралы айтар болсақ:

— Жастар практикасы  – 14 адам.

— Қоғамдық жұмысқа  — 18 адам.

— Жұмыс орындары саны (тұрақты, уақытша және бос жұмыс орындары – 138 адам.

— Ұлттық жоба аясында  ашылатын жаңа жұмыс орындары саны – 8 адам.

Иассы  ауылында тіркелген мүгедек бала саны -6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйінде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері арнайы бекітілген, 6 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіп отырады.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2025 жылдың 5 айында 18 отбасына 106 адамға 2 099 628 мың теңге төленді.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 1 отбасына 61000 мың теңге материалдық қаржылай көмектер көрсетіледі. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша қоғамдық жұмыстарға орналасты.

Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер есебінен киім кешектер мен  азық – түлікпен 28 отбасына көмектер көрсетілді.

Мәдениет саласы

 

Ауыл әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 5 айында 6 мәдени және спорттық іс-шаралар  өткізілді.

  1. 8 -Наурыз халықаралық айелдер мерекесі
  2. 8 наурызда тоғызқұмалақтан мемлекеттік мекемелер арасында жарыс өткізілді.
  3. 20 наурызда волейболдан ауыл тұрғындары арасында жарыс өткізілді.
  4. 22- Наурыз  мерекесі үлкен іс шара өткізілді.
  5. 5 сәуірде наурыз мерекесіне орай футболдан жастар арасында әкім кубогіне жарыс өткізілді.

 

Ауылшаруашылығы саласы

Жалпы жер көлемі Оның ішінде
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Елді мекен жері Елді мекеннің мал жайылым жерлері Ерекше қорғалатын жерлер Су қорының жері Орман қорының жері Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де а/ш мақсатына арналсаған жерлер
31234,89

 

28234,89

 

464,16

 

125,65 3,18

 

661,92

 

1184,73

 

1145,3

 

                                                                                                                 

Ауыл округі бойынша  егістік  жерді игеру: жоспар — 1300 га, орындалғаны 1329  орындалғаны 100%.

— Ескі жоңышқа -406 га.

— Күздік бидай егу –120 га.

— Жаздық бидай –0 га.

-Жаңа жоңышқа – 257 га.

— Көкеніс – 115 га.

— Бақша – 101 га.

— Сүрлемдік жүгері – 50 га.

— Дәндік жүгері – 40,02 га.

— Мақта –239 га

Иассы ауылдық округі бойынша 2025 жылғы дайындалған мал азығы.

Жалпы жиналған мал азығы  — 13143 т соның ішінде:

— Жоңышқа -1596 тн

— Сүрлемдік жүгері – 0 т

— Сабан  -0  т

— Табиғи шөп жинау –3684 т

— Сырттан сатып алынғаны –7863т

Иассы ауылдық округі бойынша, амиак селитрасын алу жоспар 300 тонна, бүгінгі таңда 20 ш/қ 63,28 тонна алынды.

Иассы ауылдық округі бойынша жанар жағармай алуға 40 шаруа қожалық өтінім берген 91,2 тонна қазіргі таңда 23,2 тонна алынды: оның ішінде: Исаков Халила 5 тонна, Абубакиров Ташкенбай 4 тонна, Азимов Маруфжан 5 тонна, Ахметов Абдимурат 5 тонна Нур сармат ЖШС 4,2 тонна. Қалған жанар жағармайды алу бойынша шаруа қожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 

АӨК негізгі капиталына инвестиция тарту жоспар 300 млн.тг орындалғаны 149,7 млн тенге 49,5% атап айтқанда:

-Жеке кәсіпкер М.Хабибуллаева Беларус 82-1 тракторын 9,7 млн тенгеге сатып алды

— GRAND STORY KAZ ЖШС төрайымы Базарбекова Ж.С Мақта теретін комбайн Donghua 4MZ-3A 140 млн тенгеге сатып алды.

— Абдураимов Муслимбай мал малшы үйінің құжаттары Сауран ауданы архитектура бөліміне 138 млн тенгеге бағаланып ұсынылды.

-Исаков Эркин және Абдимауленов Абдухасанның мал қора малшы үйінің құжаттарына электр энергиясы және Жұмыспен қамту бөлімдеріне қол қойдырылып гаскіге өтінім тасталды.

Ауыл округі бойынша 5 мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстары жүріп жатқандығына байланысты 5 мал бордақылау алаңына орташа 60 млн-нан жеке инвестиция тартылып қазіргі таңда қабылдау АКТ-сі қабылданған кезде бағалау құны 300 млн инвестиция тартылады. 9 айда 300 млн орындалу жоспарлануда.

 

Иассы ауылдық округі бойынша 2025 жылы жылыжай салу 0,50 га жоспарланып қазіргі таңда  қарапайым 0,53 га жылыжай салынып 101% орындалды

Иассы ауылдық округі бойынша 1 тоқсанда ет сүт өнімдерін өндіру бойынша заңды және жеке шаруа қожалықтарды қосқанда 500 тонна таза ет өнімі және 630 тонна  сүт өнімдері өткізілді.

Сәуір айында Енбекші Дихан АШӨК ві тірі салмақта 114 тонна таза салмақта 57,8 тонна ет өнімі өткізілді.              Мамыр айында Енбекші Дихан АШӨК ві 87 бас жылқы тірі салмақта 44 тонна ет өнімі өткізілді.

 

Иассы ауылдық округі бойынша мал шаруашылығы бойынша мәлімет:

-ІҚМ мал саны – 3699

-УАҚ мал саны – 25616

-Жылқы саны – 3912

-Түйе саны — 635

 

Иассы ауылдық округі бойынша Ауыл аманаты 2,5% несие бағдарламасы бойынша Еңбекші Дихан АШӨК құрал жабдықтар алу үшін  Ырыс несие ұйымы тарапынан 29 млн қаражат бөлінді. Ауыл тұрғындары осы бағдарлама бойынша құжаттарын дайындауда. Бүгінгі таңда 10 азаматтың  өтінімдері мақұлданып отыр.

                                                                                                            

Коммуналдық сала:

Ауыз су бойынша Иассы ауылдық округінде 420 абонент тіркелген. Оның ішінде Еңбекші Дихан ауылында-380 абонент, Шойтөбе ауылында 40 абонент. Жалпы 396 абонетте су өлшегіш құралы орнатылған. Су өлшегіш құралы орнатылмаған абонеттерге актілері толтырылып, орнату жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Жасыл аймақ, ауылды көріктендіру санитарлық жағдайы.

Бекітілген  іс шараға  сәйкес, 2025 жылдың 5 айлығында  әр сенбіде сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 4,8 тн күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жасыл аймақ бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Еңбекші Дихан ауылының ішкі көшелеріне жалпы 200 түп көшет егілді. М.Тобағабылов,Шобанақ  көшелері бойына 400 дана қарағаш егіліп, жалпы-600 түп және орталыққа орналасқан скверге 30 түп арша көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылды. Арнайы егілген көшеттер және жол бойындағы ағаштарға әктеу жұмыстары жүргізілді.

Наурыз айы «Тазалық» айы деп жарияланып, әр сенбілік сайын әкімшілік аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен ауыл округтің тұрғындары және шаруа қожалық төрағаларымен бірлесе 3 техника, 75 шамасы тұрғын жұмылдырып, Еңбекші Дихан елді мекені ауыл сырты беті күл-қоқыстан тазартылды. Ауыл округке қарасты елді мекендер бойынша техника күшімен 4,8 тонна күл қоқыс шығарылды.                            

Ауыл тұрғындарының арыз-өтініштері.

2025 жылғы 5 айында келіп түскен арыз өтініштер бойынша мәлімет
Жеке азаматтардан келіп түскен өтініштер Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер Қанағаттандырылғаны Қанағаттандырылмағаны Өңдеуде тұрғаны
 

35

 

0

 

18

 

1

 

16

  

Діни ахуал.  Ауылда дінаралық қарым қатынас қызметі үнемі бақылауда және тиісті заңнамалар негізінде жұмыстар жүргізілуде, саяси ахуал тұрақты.

Ауылдық округте 3 мешіт, 1 намазхана бар. Кереғар діни ағымдар мен секталардың алдын алу мақсатында арнайы төрағасы және 11 мүшесінен тұратын  ақпараттық топ құрылған. Ауыл ақсақалдар кеңесімен ауылдың өзекті мәселері айтылып, шешу жолдары сала — сала бойынша талқыланып, үнемі хабардар етудеміз. 

Білім беру саласы

Ауылдық округінде білім беру саласы бойынша 4 мектеп жұмыс істейді, 300 орындық «Төлеби» жалпы орта мектебі, 600 орындық №4 Жайлы мектебі және жеке меншік  «Торонто» , «Ақ орда»  бастауыш мектептері жұмыс жасап тұр. Бүгінгі таңда 4 мектепте барлығы  941 оқушы білім алуда.

Мұғалімдер саны-106 , кіші қызметкерлер саны-46.

Ауылда «Жауқазын» , «Leyla kids» және «Аяш ана» бөбекжай бала бақшаслары  жұмыс істейді, Онда барлығы 66 тәрбиеші жұмыс жасайды және  283 бала тәрбиеленуде.

                 

 

Денсаулық саласы

Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы  Еңбекші Дихан және Шойтөбе елді мекенінде ФАП қызмет  атқарады. Емхана 2013 жылы салынған. Жалпы жұмысшылар саны 20 адам, 2 жоғары білімді дәрігер және 15 орта буынды мед қызметкерлер қызмет  істейді.

2025 жылдың 5 айында жалпы тіркелген халық саны – 2105 адам

Ересектер – 1240

Жас өспірімдер – 133

Балалар – 751

2025 жылы 4 айда туылған балдар саны –26

Қайтыс болғандар – 5

Туберкулез – 0

Бруцеллез – 0

Covid – 19  инфекциялық аурумен ауырғандар – 0

 

Тіркелген қылмыстар бойынша:     Иассы ауылдық округі бойынша қылмыс тіркелмеген.

Әскер қатарына шақыру бойынша:

2025 жылғы көктемгі мерзімде әскер қатарына шақырылған 122 азаматқа зерделеу жұмыстары жүргізіліп, хабарлама берілді, 5 шақырылушы мектеп оқушылыры 1 шақырушы мұғалім қызметін атқарады, 64 шақырылушы қазіргі таңда ЖОО-да және колледждерде оқуда, 31 шақырылушы отбасы құрған азаматтар, 5 шақырылушы  шетелде жұмыс жасайтындар, 2 шақырылушы Иассы ауылдық округінің тұрғыны емес екендігі анықталды. 3 шақырылушы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар. Шақырылу қағаздарын алып дәрігерлік сараптамаға келмей жүргендер 7 азамат.

Мед сараптамадан 7 шақырылушы өтіп, 4 азамат әскер қатарына қабылданды.

Инвестиция тарту бойынша:

  1. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылынан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында индустриялды аумақтың орны белгіленіп, кәсіпкерлерге жер телімдері беріліп, қазығы қағылды. Қазіргі таңда 12 жеке кәсіпкер цех құрылыстарын бастап , жыл соңына дейін цех құрылыстарын бітіріп  іске қосуға жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 1 кәсіпкер кәсіпкерлікке тіркеліп уақытша өз үйінде кәсібін жүргізіп, халыққа қызмет көрсетуде.
  2. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Ганибаев Фархад Еңбекші Дихан ауылынан емхана, дәріхана  құрылысы жұмыстарын жүргізуде. Жоба құны 82 млн тенгеге жоспарланып отыр.

                                                                                                                   

  1. Енбекші Дихан елді мекенінде 21 гектар жер мал бордақылау алаңы мен малшы үйін салу үшін берілді. Бүгінгі күнге дейін 3 шаруа қожалығы мал қора, малшы үйін толық бітіріп 737,0 млн тенге инвестиция тартылды.

2025 жылға Абдимауленов Асан, Наршабаев Зиявиддин құрылыс жұмыстарын бастады, 140 млн тенге инвестиция тарту жоспарлануда.

Қалған шаруа қожалық төрағаларымен құрылыс жұмыстарын бастау үшін түсінік жұмыстары жүргізілуде.

 

Иассы ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек:

  1. Халықты электр энергиясымен жабдықтауды жақсарту Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылы, Ж.Абдураимов көшесінің қиылысына 1 трансформатор орнатылды.Алдағы уақытта  трансформатор орнату жұмыстары жүйелі жалғасын табатын болады. Нәтижесінде нысандар сапалы электр қуатымен қамтылады.

   

Иассы ауылдық округі бойынша 2025 жылда атқарылатын жұмыстарға тоқтала кетсек:

  1. Шойтөбе ауылына 1 трансформатор орнатылатын болады. Қазіргі  таңда қаржы бөлінген.
  2. Еңбекші Дихан ауылы, М.Айтметов көшесін өтпелі кезеңмен 2024 жылдың аяғында басталған жарықтандыру жұмыстарын құрылыс жұмыстары 2 кезеңмен өз жалғасын табатын болады.
  3. Иассы ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне аншлаг (көше белгісі) қою жұмыстары жүргізілетін болады.
  4. Еңбекші Дихан ауылының орталық көшесі Шобанақ көшесі бойына жарнама құралы (Лед экран) орнатылатын болады.

Иассы ауылдық округі бойынша  өзекті мәселелер

  1. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылының орталық көшесі облыстық маңызы бар Шобанақ, Абай, 8-ші көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  2. Еңбекші Дихан ауылы, М.Тобағабылов М.Камалов, А.Исаков, А.Тажибаев, 8-ші, Шойтөбе ауылына Жастар көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін дайын болған сметалық құжаттарына қаржы бөлдіру.
  3. Еңбекші Дихан ауылынан клуб-кітапхана және мәдениет үйінің құрылысын салу.
  4. Иассы ауылдық округі, Шойтөбе ауылына балалар ойнау алаңы және спорт алаңын салу.
  5. Жеке тұрғын үй салуға арналған жерлер бойынша биылғы жылға  Шойтөбе ауылынан 52 га және 17 га 2 аумаққа оңтайландырылған сызбасы бекітілген аумақтан жаңадан тұрғын үй құрылысы үшін қалдырылған алаңдарға инженерлік инфрақұрылым жүргізу.
  6. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылының жаңа учаскесіндегі атауы жоқ көшелерге атау беру мәселесі.

 

Иассы ауылдық округі әкімі: С.Пирметов

 

 

Алдыңғы жаңалық

Жүйнек ауылдық округі әкімі Абдікарімов Төребай Асқарұлының 2025 жылдың 5 айында әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарының барысы туралы есебі

Келесі жаңалық

Ескі Иқан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2025 жылы 5 айда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі