kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Ескі Иқан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2025 жылы 5 айда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

11 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат
0
Ескі Иқан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2025 жылы 5 айда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ескі Иқан ауылдық округі  2 елді мекеннен тұрады. Олар Ескі Иқан және М.Жүсіп елді мекендері. Жалпы халық саны 21 005 адам.

 

Бюджет

Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне  2025 жыл 5 айда  бюджет есебінен бөлінген қаражат жоспарлы түрде  толық игерілді.

Салықтық түсімдер

 

№ Түсімдердің  атауы 2025жылғы жылдық жоспар 2025жылғы

5 айлық  жоспар

 

Нақты

түскені      (31.05.2025)

Орындалу мөлшерлемесі

(жылдық жоспардан%)

1 Табыссалығы

(101-202)

14 000,0 3 500,0 17 100,4 122,1%
2 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (104-102) 1 900,0 140,0 1 114,3 58,6%
3 Жеке тұлғалардың жер салынатын салық  (104-302) 400,0 60,0 237,1 59,2%
4 Заңды тұлғаның көлік салығы (104-401) 0,0 0,0 0,0 0,0%
5 Жеке  тұлғаның көлік салығы (104-402) 43 000,0 17 302,0 39 950,9 92,9%
6 Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін             (105-315) 400,0 50,0 277,0 69,2%
7 Біріңғай жер салығы

(104-501)

14 500,0 8 000,0 11 617,0 80,1%
8 Салықтық емес түсімдер  (201-510) 0 0 0,0 0%
9 Жарнама түсімдері (105-430) 0,0 0,0 39,2 0%
10 Жерді сатудағы түсім       (303-101) 16 000,0 1 200,0 4537,6 28,3%
  Барлығы 90 200,0 30 252,0 74 873,4 83,0%

 

 

Табиғи газ

 

Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекенінде 3142 тұрғын үйге табиғи газ толық берілді, бүгінгі таңда 1810 тұрғын үйге табиғи газ тартылып елді мекен тұрғындары пайдаланып отыр.

Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз етудің екінші кезеңі бойынша Ескі Иқан елді мекені бойынша жаңадан қоныстанған үйлер, М. Жүсіп елді мекені және Диханабад учаскелерінің картасы әзірленіп ЖСҚ әзірлеу үшін ЖКХ бөліміне тиісті құжаттар тапсырылды.

 

Ауыз су

 

Иқансу-Қытай ұңғымасынан Ескі Иқан е/м су тазарту қондырғысына  23 шқ су құбыры желісін тартуға ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, ашық конкурс жарияланып жеңімпаз ЖШС “General Констракшн” анықталып, бүгінгі таңда су құбырлары тартылуда. Жоба құны 2 млрд 388 млн теңге.

Сонымен қатар, ауыз сумен қамтамасыз етудің екінші кезеңі бойынша Ескі Иқан е/м жаңадан қоныстанған аумаққа ауыз су жүйесімен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтіп ашық конкурс жарияланып жеңімпаз ЖШС “General Констракшн” анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны   2 млрд 094 млн теңге.

Жеке кәсіпкер Юлдашев Элмир өз қаражаты есебінен 175 балаға арналған жекеменшік бала бақша құрылысы жүргізілуде. Жалпы құны 150 млн теңге. Мерзімі: 01.07.2025 ж.

Жеке кәсіпкер Темиров Камолитдин өз қаражаты есебінен 150 балаға арналған жекеменшік бала бақша құрылысы жүргізілуде.   Жалпы құны 150 млн теңге. Мерзімі: 01.07.2025 ж.

Ескі Иқан ауылдық округі әкімі мал бордақылау алаңын салатын ауыл тұрғындарына 20 га жер белгілеп 0,5 га көлемінде 30 адамға қора салуға жер берілді. Бүгінгі таңда аталған жерде мал қора құрылысы басталды, бордақылау алаңына жапсарлас орналасқан 1,5 га жерден жеке кәсіпкер Мамирхан Юлдашев сервистік мал сою алаңы құрылысын жүргізуде.

Бюджет есебінен атқарылған жұмыстар

 

Тұрмыстық қатты қалдықтар (полигон) төгетін орынды ретке келтіруге бойынша  бағалы ұсынытарға сұраным тәсілі арқылы ЖК «Ж. Тұрсынбай» мен 4 883 000 теңгеге келісім шарт жасалынды.

Х. Абдукармов көшесінен балалар ойын алаңы және футбол алаңшасы құрылысы үшін бағалы ұсынытарға сұраным тәсілі арқылы ЖШС «Каз Кантракшн» мен 12 700 000 теңгеге келісім шарт жасалынып жұмыстар атқарылуда.

Шымкен және Жаңа Иқан көшелеріне бақылау камерасын орнату мақсатында бағалы ұсынытарға сұраным тәсілі арқылы ЖК «Надира» мен  950 000 теңгеге келісім шарт жасалынып 22 дана бақылау камерасы орнатылды.

Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі тарапынан Жаңа Иқан және Шолпан көшелеріне екі аялдама және ауыл орталығынан өткен су қашыртқы арығына (сброс) адам өтетін көпір жасалынды.

Ауылдағы  су қашыртқы арығына (сброс) ИДЖЖЖЖ-2 кезені (ПУИД-2) бойынша 4 дана адам және көлік жүретін көпір жасалынды.

Ауыл шаруашылығы

 

Ескі Иқан ауылдық округінің жалпы жер көлемі 41758,3 га, оның ішінде: 12572,9 га  суармалы жер, 11030,0 га жерге бір жылдық екпелер егіледі, 1117,01 га жерге көп жылдық екпе бау жүзімдер егілген. Елдімекен суармалы жері 286,0 га, көп жылдық екпе жері 78,08 га. Осы суармалы егістік жерлерге бүгінгі күнде 997 дана шаруа қожалық, 3 дана заңды тұлғалар пайдаланып егістік жерлерге бір жылдық екпелер егіп жерді толық пайдалануда. 2025 жылдың өнімі үшін суармалы егістік жерлеріміз толығымен айдалып, бүгінгі күнге егістік жұмыстары жүргізілуде.

 

№ Дақыл түрі Көлемі га
1 Күздік бидай 410,0
2 Жүгері 1030,0
3 Мақта 6240,5
4 Бақша 950,0
5 Көкеніс 672,3
6 Жоңышқа 1727,7
           Жалпы: 11030,0

 

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған  инвестициялар  бойынша жоспар  700 млн теңге болса бүгінгі күнге 160,84 млн теңгеге орындалып жоспар 23,0 пайыз орындалды.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау, тапсырма   15 бірлік болса бүгінгі күнге орындалғаны 3 бірлік тапсырма 20% орындалды. Жалпы инвестисиялық құны 160,84 мил теңгені құрайды.

 

2025 жылға инвестициянын орындалу болжамдық жоспары; Турсунходжаев Кахрамман «мал бордақылау аланынжәне малшы үйі» салу бойынша жалпы құны 250,0 млн теңгелік инвестиция;

Абдусаттаров Нишанбай Бехларханович «мал бордақылау аланынжәне малшы үйі» құрылысы үшін жалпы құны 150,0 млн теңгелік инвестиция;

Айметова Захбаран «мал бордақылау аланынжәне малшы үйі» құрылысы үшін жалпы құны 100,0 млн теңгелік инвестиция;

5 дана ауыл шаруашылық техникалары келу болжамдануда инвестициялық құны 51,5 млн теңге.

Жанар жағар май

Ауылдық округі бойынша көктемгі және күзгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар майға 87 шаруа қожалықтар электронды түрді (Gosagro.kz) порталы арқалы 9647,7 гектар жерге 1012,6 тонна жанар жағар май алу үшін өтінім беріліп операторлар тандалып бүгінгі күнде шаруа қожалықтар жанар жағар майларын алуда.

 

Минералды тыңайтқыш

Ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтар Үкімет тарапынан берілетін арзан бағадағы минералды тынайтқышқа 217 шаруа қожалықтар электронды түрді (Gosagro.kz) порталы арқалы 3,0 мын тоннаға өтінім беріп, бүгінгі күнге 1,1 мың тонна минералды тынайтқышын алынды, қалған минералды тынайтқыштар толығымен алынады.

 

Мал шаруашылығы саласы

№ Мал мен құс түрлері 31.05.2025 жылы,               бас
1 Ірі қара мал 18 825
2 Оның ішінде сиыр (аналық мал басы) 9 184
3 Қой, ешкі 54 555
4 Жылқы 3 350
5 Үй құстары 12 628

 

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту

 

Ауылда 172 орта және шағын кәсіпкерлік субъекті бар.

2025 жыл Ескі Иқан ауылдық округі бойынша жалпы 10 млд теңге инвестиция тарту жоспарланса 5 айда 850 млн теңге инвестиция тартылды.

Энзоотия-диогностика жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.

 

Әлеуметтік сала бойынша.

 

2025 жыл 5 айда мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз түрінен Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 55 отбасыдан өтініш келіп түскен. Нәтіжесінде 48 отбасыға 8 654 973 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 7 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған.

Ауылдағы аз қамтамасыз етілген 8 отбасыға демеушілер тарапынан 240 мың теңгелік азық – түлік берілді.

  • Ұлттық жоба аясында 2 жобаға 31 адам жұмыспен қамтылды;
  • Ақылы қоғамға Ескі Иқан ауылдық округі бойынша  55 адам жумыспен қамтылды;
  • Жастар практикасымен 15 жас жұмыспен қамтылды;
  • Сәуір айында пробация есебінде тұрған азаматтар арасында іс — шара өткізіліп,грамота сыйлықтар табысталды;
  • Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 72 азамат тұрақты жұмысқа тартылды;

Білім саласы бойынша

 

Ауылдық округ бойынша 1 кәсіптік оқудағы колледж, 8 жалпы білім беретін мектеп және 6 бала бақша, 1 спорт мектебі бар. 2024 – 2025 жылы 254 оқушы мектеп бітіріп олардан 235 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда. Кәсіптік оқудағы колледжден 158 студен 9 мамандық бойынша диплом алады.

Ауылдағы М. Юлдашев  атындағы спорт мектебінде бүгінгі таңда    7 үйірмеде 336 оқушы тәрбие алуда, ауылдағы жас спортшыларымыз Республика чемпионы, Азия жүлдегерлері және дүниежүзілік турнирлердің жүлдегерлері атануда

 

Денсаулық сақтау мекемелері туралы мәлімет

 

Ауылда «Ескі Иқан», «Авиценна А» және «JACKSOFT MDS» емханалары халыққа дәрігерлік қызмет көрсетіп отыр. Ауылдық округінде орналасқан дәрігерлік емханалары күндізгі уақытта жұмыс атқарады, кешкі уақытта жедел жәрдем автокөлігі қызмет атқарады. Қосымша М. Жүсіп елді мекені және Диханабад учаскелерінде 2 ФАП қызмет атқарады.

 

Әскер қатарына шақыру бойынша

 

Ауылдық округі бойынша 2025 жылы көктемгі әскерге шақырылушылардың саны туралы мәлімет:

 

№ Барлық шақырылушылардың саны

көктемгі

Дәрігерлік сараптамадан өткендер саны

көктемгі

Оның ішінде ОДС іріктелгені көктемгі Әскерге кеткені көктемгі
1 80 35 6 6

 

Қылмыс бойынша

 

Жалпы қылмыс саны Ашылған қылмыс Ашылмаған қылмыс
5 5 —

 

Соңғы кездері көбейген қылмыс түрлері интернет алаяқтығы.

 

Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы.

 

 — Ауыл көшелері түрлі күл қоқыстырдан тазартылды;

— Көше бойында өз бетінше өскен жабайы шөптерден тазартылды;

— Ауылдық округтегі екі су тарату орындары (водабашня) ауласы тазартылып ағаштар бұталып, шарбақтар әктелініп сырланды;

 

Жалпы ауылдық округ бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күнделікті жұмыс атқарылуда.

Жалпы құжат айналымы

 

Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппаратына 2025 жыл 5 айда жалпы 27 өтініш олардан 26 өтініш жеке және 1 өтініш заңды тұлғалардан түсті. «Е өтініш» электронды жүйесіне тіркеліп, өтініштерге мерзімінде жауап берілген.

 

Ескі Иқан ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер.

 

— Оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу;

— Ортақ жайлым жер мәселесі;

— Шаруаларға берілетін ағын судың бағасы және тапшылығы;

Ескі Иқан ауылдық округі әкімі:   Дилшод Саитов

Алдыңғы жаңалық

2025 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы Иассы ауылдық округінің әкімі С.Пирметовтың есептік баяндамасы

Келесі жаңалық

Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округінің әкімі Болат Сенбековтың 2025 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы есебі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі