kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

СОЗАҚ: FSM Social мобильді қосымшасына қатысты оқыту-семинары өтті

16 июня, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
СОЗАҚ: FSM Social мобильді қосымшасына қатысты оқыту-семинары өтті
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсесінің» өңірлік үйлестірушісі Темур Муратовтың қатысуымен FSM Social мобильді қосымшасына арналған оқыту-семинары өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – FSM Social ақпараттық жүйесін қолдану арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және оларға жедел әрі кешенді қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізетін мобильдік топтардың қызметін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік саладағы цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды үйрету.

Жиынға аудан әкімінің салалық орынбасары, аудандық полиция бөлімі мен пробация қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және қоғамдық комиссиялардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, FSM Social қосымшасының тиімділігі мен әлеуметтік саладағы өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ғалымбек Боранбек жобаның облыстық деңгейде жүзеге асырылу барысын баяндады.

Өз кезегінде сөз алған Темур Муратов FSM Social жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері, оны қолдану тәртібі, мамандардың жұмысын оңтайландырудағы рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Ол аталған қосымша адами фактордың әсерін азайтып, шешім қабылдау сапасын арттыруға, уақытты тиімді басқаруға, сондай-ақ нейрондық желілер мен жасанды интеллект арқылы өнімділікті көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сауалдар жолданып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Алдыңғы жаңалық

СЫРЫ ТЕРЕҢ - САУРАН

Келесі жаңалық

СОЗАҚ: БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі