kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

16 июня, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Қоғам
0
СОЗАҚ: БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жартытөбе ауылында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды. Ауыл орталығындағы «Астана» саябағы мерекеге орай сән-салтанатпен безендіріліп, шараға 1000-ға жуық балдырғандар, ерекше балалар мен ата-аналар белсене қатысты.

Мерекелік жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауылдық округ бойынша білім және спорт салаларында облыстық, республикалық деңгейде жетістікке жеткен оқушылар мен сала мамандарын марапаттады.

Мерекелік бағдарламаның шымылдығы ашық аспан астында өткен балалардың сурет салу байқауымен ашылды. Бұдан кейін бүлдіршіндер топтық эстафеталық жарыстарға, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты.

Іс-шара барысында кәсіпкерлердің демеушілігімен 1000-ға жуық балаға балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Балаларға фастфуд өнімдері мен түрлі тәттілер үлестірілді. Қуыршақтар шеруі мен ойын-сауық алаңдары бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, дәстүрлі әндер шырқалып, мереке аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Мерекелік шара кешкі сағат 20:00-де «Бақытты бала — Бақытты ел» атты концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Алдыңғы жаңалық

СОЗАҚ: FSM Social мобильді қосымшасына қатысты оқыту-семинары өтті

Келесі жаңалық

СОЗАҚ: Қосауовтар отбасы – жүректерге үміт сыйлаған жанашыр жанұя

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі