kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: Мейірімді жүрек иесі — кәсіпкер Мұхат Балаубеков

16 июня, 2025
in Жаңалықтар, Руханият, Әлеумет
0
СОЗАҚ: Мейірімді жүрек иесі — кәсіпкер Мұхат Балаубеков
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қайырымдылық — қолда барын бөлісу ғана емес, жүректен шыққан шынайы жанашырлықтың көрінісі. Осындай кең пейілді, ізгі ниетті азаматтардың бірі — Созақ ауданының белгілі кәсіпкері, көптің алғысына бөленіп жүрген Мұхат Балаубеков.

Мұхат Балаубеков — тек кәсібімен ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігімен де танылған жан. Ол көп жылдан бері мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға үнемі көмек қолын созып келеді. Бұл көмектер азық-түлік, тұрмыстық заттар, кейде қаржылай қолдау түрінде беріледі. Кәсіпкер қиын жағдайға тап болған жанұялардың мұңын тыңдап, әрдайым қолдау көрсетуді азаматтық борышы деп біледі.

«Мүгедек бала — бір отбасының емес, тұтас қоғамның баласы. Олар ерекше қамқорлық пен жылылықты қажет етеді. Қолымыздан келгенше көмектесу — адамдық парызымыз», — дейді Мұхат ағамыз.

Бүгінде Мұхат Балаубековтің қолдауымен бірнеше отбасы тұрмыстық қиындықтарын жеңілдетіп, балаларын емдетуге, қажетті күтім жасауға мүмкіндік алып отыр. Ол көмек көрсеткен жандар алғысын айтып, кәсіпкердің игі ісіне ризашылығын білдіріп жүр.

Көпшілікке үлгі болған Мұхаттың бұл әрекеті ел ішіндегі мейірімділік пен бірлікке бастайды. Ол қоғамда жақсылықтың әлі де бар екенін дәлелдеп келе жатқан нағыз азамат.

Мұхат Балаубеков – жүрегі жомарт, еліне шын жанашыр жан. Қайырымдылықты жария үшін емес, жан үшін жасайтын сирек кездесетін тұлғалардың бірі.

Алдыңғы жаңалық

СОЗАҚ: Қайырымдылық – жүректің ісі: Әбжанов Ғабиттің ізгі жолы

Келесі жаңалық

СОЗАҚ: «Әке – отбасы тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі