kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРДЫҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ

18 июня, 2025
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
КЕНТАУДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРДЫҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бос жұмыс орындарын көбейту және жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты тапсырма берген. Негізгі бағыттары:

  1. Жұмыс орындарын ашу – басты міндет:

– «Мемлекет халықты тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беруі керек. Әрбір жаңа инвестициялық жоба жұмыс орындарын ашуға тиіс» – деді.

  1. «10 мың тұрғын – 100 жұмыс орны» қағидасы:

– 2023 жылғы Жолдауында осы қағидатты енгізіп, жергілікті әкімдерге әр 10 мың тұрғынға кемінде 100 тұрақты жұмыс орнын ашуды тапсырды.

  1. Жастарды жұмыспен қамту:

– Жастарға арналған кәсіптік бағдар беру, қайта даярлау курстарын көбейтіп, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларын жалғастыру тапсырылды.

  1. Еңбек нарығының цифрлануы:

– Бос жұмыс орындары туралы ашық цифрлық платформалар құруды және мәліметтерді нақтылауды жүктеді.

  1. Кәсіпкерлік арқылы жұмыс орындары:

– Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу басты бағыт ретінде белгіленді.

Президент бұл тапсырмаларды Жолдауларда және Үкімет отырыстарында нақтылап, олардың орындалуын бақылауда ұстау қажет екенін бірнеше рет атап өткен.

Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Кентау қалалық мансап орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 6 жұмыс беруші мекеме 43 бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге қатысқан мекемелер: «Жасыл қала» КММ, Жастар ресурстық орталығы, “№7 колледж” ЖШС, «Бунед» ШҚ, «САС КАЗАХСТАН» ЖШС, «Барыс» ЖК.

Нәтижесінде: 3 азаматша – тұрақты жұмысқа, ал 3 азаматша – уақытша жұмысқа орналасты.

Жәрмеңкеге жалпы 32 жұмыссыз азамат қатысты, олардың ішінде: 2 азамат – пробация есебінде, ал  3 азамат – мүмкіндігі шектеулі адамдар болып табылады.

Мұндай іс-шаралар — жұмыссыз азаматтарға нақты мүмкіндіктер ұсынатын маңызды қадам. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

 

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Келесі жаңалық

КҮН САЙЫН КӨРІНБЕЙТІН КҮРЕС: КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢБЕК ИЕСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі