Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Еңбек адамы жылы» деп жариялады.Президент: «Біз еңбек адамының беделін көтеріп, жұмысшы мамандықтарын дәріптеуіміз керек» – деп атап өтті.
Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, еңбек адамына құрметті күшейту, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қолдау мақсатында көтерілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдары туралы бірнеше рет маңызды пікірлер айтып, нақты тапсырмалар берген. Негізгі бағыттары:
- Еңбек адамына құрмет:
– «Еңбек адамы – елдің тірегі. Біз жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруымыз керек», – деді.
– «Жұмысшы кәсіптерін дәріптеу – қоғам алдындағы маңызды міндет» деп атап өтті.
- 2025 жыл – Еңбек адамы жылы:
– Президент 2025 жылды Еңбек адамы жылы деп жариялап, бұл бағытта идеологиялық және практикалық шаралар қабылдауды тапсырды.
- Жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы:
– Әлеуметтік диалогты дамыту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін күшейту бойынша Үкіметке тапсырма берді.
– «Әрбір жұмыс орны – адамның қауіпсіздігі мен денсаулығы толық қорғалған орта болуы керек» деді.
- Кәсіби білім мен даярлық:
– Жұмысшы кадрларды даярлау, колледждердің техникалық базасын жаңарту, дуальды оқыту жүйесін енгізуді тапсырды.
- Мерекелік атап өту:
– Еңбек күнін (қыркүйек айының соңғы жексенбісі) ел деңгейінде мазмұнды атап өтуді және еңбек адамдарын марапаттауды тапсырды. Президент «Халық алғысы» мемлекеттік наградасын тағайындап, еңбек адамдарын марапаттау арқылы олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға назар аударды.
Президенттің бұл тапсырмалары еңбек нарығын жаңғыртуға, жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге, жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар құрамында тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бұл міндеттерді жүзеге асыруға жауапты.
Осы ретте Үкімет Президенттің 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау тұрғысынан бірқатар нақты іс-шаралар жоспарын бекітті.
Үкіметтің арнайы бекітілген жоспарында өңірлік және ұлттық деңгейде іске асатын әр түрлі шараларды қамтитын, нақты бағыт-бағдар анықталған. Бұл – Президенттің еңбек адамына құрметті арттыру, техникалық-тәрбиелік білім беруді дамытып, қоғамда еңбекқорлық құндылығын дәріптеу тапсырмасын орындауға бағытталған кешенді қадамдар.
Марат Бимурзаев — Кентау қаласы «Ащысай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкері , 2009 жылдан бастап осы салада еңбек етіп келеді. 15 жылдан астам уақыт бойы ол кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда кәріз станциясының учаске басшысы қызметін атқарады.
Марат Мұсаұлының айтуынша, бұл сала сырт көзге білінбегенімен, ауырлығы мен жауапкершілігі жоғары қызмет. Кәріз жүйесіндегі ең үлкен қиындық — иіс пен жүйенің жиі бітелуі.
«Біз күнде осы жүйенің ішінде жүрміз. Біреулердің тастай салған қоқысы, басқалар үшін үлкен қиындық. Кәрізге пластик, шүберек, құрылыс қалдықтары сияқты заттар тасталады. Бұл — бізге де, тұрғындарға де зиян», — дейді еңбек иесі.
Кәріз жүйесі — қоқыс жәшігі емес. Ондағы артық қалдықтар құбырларды бітеп, апатты жағдайларға алып келеді. Соның салдарынан бүкіл қала тұрғындарының тұрмыс сапасына әсер етеді деген еңбек адамдары, барша тұрғындарды ұқыптылыққа шақырады.


