kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: “ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК”

18 июня, 2025
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
КЕНТАУ: “ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК”
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы құқықбұзушылық, қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударып, бірнеше нақты тапсырма берді. Олар:

  1. Алдын алу және профилактикасы;

2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Президент:

«Жастар арасында қылмыс пен нашақорлықтың кеңінен таралуы – өте қауіпті үрдіс. Бұл мәселе тек жазалау арқылы емес, кешенді алдын алу шараларымен шешілуі тиіс» – деп атап өтті.

Тапсырмасы:

— Білім, ІІМ, Жастар саясаты басқармаларына жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс жүргізуді жандандыру;

— Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелік жұмысты күшейту.

  1. Есірткімен күрес;

2024 жылғы Үкімет отырыстарында және «Жастар және мемлекет» тақырыбындағы жиындарда Қ.Тоқаев:

«Жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесінің ықпалынан сақтау – мемлекет үшін маңызды міндет» – деп мәлімдеді.

Тапсырмасы:

— Есірткі сатудың интернеттегі жасырын арналарына қарсы күрес күшейтілсін;

— Арнайы ақпараттық-профилактикалық жобалар іске қосылсын;

— Мектептерде нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын арттыру қажет.

  1. Құқық қорғау органдарына жүктелген міндет;

— Президент ІІМ мен прокуратура органдарына жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, оқу орындарымен тығыз байланыста болуды тапсырды.

  1. Мәдени және спорттық бағдарламалар арқылы тәрбие;

— «Жастарды бос уақытын тиімді өткізуге тарту қажет. Бұл – қылмыстың алдын алудың бір жолы», – деді.

— Осыған байланысты спорттық үйірмелерді, мәдени іс-шараларды көбейту тапсырылды.

Бұл тапсырмалар жасөспірімдердің физикалық және психикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мектеп пен қоғамда жауапты тәрбиені қалыптастыруға бағытталған.

Президенттің тапсырмасы бойынша, Кентау қаласының Полиция бөлімі, Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен қала жастары мен жасөспірімдері арасында құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын — алу және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілдерде көшелер мен қоғамдық орындарда беймезгіл жүруін болдырмау мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу, құқықбұзушылыққа бейім жастарды анықтау мақсатында қаладағы ойын-сауық орталықтарында, кафелерде, саябақтарда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілген рейд кезінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады. Алдағы уақытта да рейд жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

 

Алдыңғы жаңалық

КҮН САЙЫН КӨРІНБЕЙТІН КҮРЕС: КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢБЕК ИЕСІ

Келесі жаңалық

Сауран ауданының ірі археологиялық ескерткіштері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі