Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою бойынша бірнеше нақты тапсырма берген. Оның мазмұны төмендегідей:
- Алдын алу жүйесін күшейту:
«Біз төтенше жағдай болғасын емес, оған жол бермеу үшін жұмыс істеуіміз керек», – деді Президент.
Тапсырма:
– Ерте ескерту жүйесін жетілдіру;
– Қауіпті аймақтарды (су басу, өрт, көшкін т.б.) тұрақты бақылау;
– Апаттың алдын алатын инфрақұрылымға инвестиция тарту.
- Жауапты органдардың үйлесімді жұмысы:
– Төтенше жағдайлар министрлігі мен әкімдіктерге техникалық жарақтануды арттыру,
– Қызметкерлердің кәсіби даярлығын көтеру міндеттелді.
- Халықты ақпараттандыру және даярлау:
– Азаматтық қорғаныс аясында тұрғындарға оқыту курстарын өткізу,
– Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру тапсырылды.
- Су тасқыны, орман өрті, газ жарылысы, сейсмикалық қауіп:
Президент осы бағыттарда жүйелі жоспар мен нақты іс-қимыл алгоритмдерін бекітуді міндеттеген.
- Бюджеттік қолдау:
– Жергілікті әкімдерге қаржы бөлуді оңтайландыру және қажет кезде шұғыл резервтерді қолдану жүктелді.
«Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі – мемлекеттің басты құндылығы. Төтенше жағдайлардың алдын алу – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі», – деп атап өтті Президент.
Осы тапсырмаларды орындау барысында Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан аумағындағы егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарында және дала-орман алқаптарында егін жинап жатқан дихандармен кездесті.
Кездесу барысында өрттің алдын алу, ауыл шаруашылық техникаларын қауіпсіз пайдалану, ашық алаңда от жағуға жол бермеу және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Бұл жұмыстар — өрт қаупі жоғары маусымда адам өмірі мен мүлігін қорғауға бағытталған профилактикалық шаралардың бір бөлігі.

