Сауран ауданында мәдени өмірдің жарқын көрінісіне айналған “Сырлы Сауран — өнер ордасы” атты жазғы концерттік маусымның ашылу рәсімі болып өтті. Шараның мақсаты- өңірдің өнерін дәріптеу, талантты жастар мен шығармашылық ұжымдардың дамуына жағдай жасау. Осы ретте, Сауран ауданында шығармашылықтың жалауын желбіреткен ерекше кеш өтті. Жазғы маусым аясында ұйымдастырылған алғашқы концерт өз көрермендерін қуаныш пен шабытқа бөледі.
Сауран аудандық Мәдениет үйінің талантты өнерпаздары әсем ән арқылы жұртшылыққа рухани азық сыйлады. Жаз бойы әр апта сайын жалғасын табатын бұл концерттер – тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өңір мәдениетінің дамуына серпін бермек. Сондай-ақ, бұл іс-шара өңірдегі мәдениетті дамытуға бағытталған тұрақты платформа болмақ.
Өнер мен мәдениеттің алтын діңгегіне айналған Сауран сахнасы әлі талай талантты танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленері анық.

