Жаппарәлі Нұрбақыт Нұрмаханбетұлы — 2007 жылы 14 қазан күні Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жүйнек ауылында дүниеге келген. Ол А.Югнаки атындағы жалпы білім беретін мектептің 11- сынып оқушысы.
Жетістіктері жайлы айта кететін болсақ, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен Түркістан қаласының ашық біріншілігінде 55 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын; 2006-2007 жылы туылғандар жасөспірімдер арасында 55 кг салмақтар арасында ІІІ орын; Түркістан облысы №4 ОРМБЖСМ-нің ашық біріншілігінде 58 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын; 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер Садуақас Сағадат Бағланұлын еске алуға арналған және Республикалық «Жас барыс» турниріне Түркістан облысының іріктеу жарысында ІІ орын алған.
Бүгінгі күнде оған Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан 2024 жылы 5 желтоқсандағы №182 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» дәрежесі берілді.

