kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАНДА ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖОБАМЕН ТАНЫСТЫ

10 июля, 2025
in Жаңалықтар, Экономика
0
САУРАНДА ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖОБАМЕН ТАНЫСТЫ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев Ескі Иқан ауылдық округінде болып, өңірдегі агроөнеркәсіптік бағыттағы ірі жобалардың бірі – мал бордақылау алаңдарының құрылыс барысымен танысты.

Іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев, облыстық мәслихат депутаты Жанар Темірбекова, «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков қатысты.

Қайрат Рахымұлы Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан “Түркістан Ет өнімдері” ЖШС-нің мал бордақылау алаңының құрылыс жұмысын аралап көрді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров бұл нысанның аймақтың агроэкономикалық әлеуетін көтеруге ықпал ететінін атап өтті.

– Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің аумағынан жалпы көлемі 185 гектар жер телімі бөлініп, 292 мал бордақылау алаңының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 30 бордақылау алаңы Ескі Иқан ауылдық округінде бой көтеруде. Соның 25-і құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Жоба толық іске қосылғанда, кемінде 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады, – деді аудан басшысы.

Бұл жобаның басты ерекшелігі – мал бордақылау алаңдарының бір жерде шоғырлануы. Мұндай тәсіл инфрақұрылымды тиімді пайдалануға, шығындарды азайтуға және жұмысты жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Санитарлық, ветеринарлық талаптар бір орталықта қатаң бақыланып, ет өнімінің сапасы мен көлемі артады. Сонымен қатар, сервистік қызметтерді орталықтандыру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Ең маңыздысы – жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдық жерлердің экономикалық белсенділігі артады.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев ауданда жүзеге асып жатқан жобаның ауқымдылығы мен құрылымына оң баға берді. Ол мал шаруашылығын дамыту – ауылдық жерлерде жұмыспен қамту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлік экономиканы әртараптандырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.

– Ел Президенті ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөліп отыр. Сол бағыттағы нақты бастамалар осындай жобалар арқылы жүзеге асуы қажет. Бұл – елді мекендердегі еңбекке қабілетті азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тиімді модель. Бастама жүйелі іске асатын болса, Сауран ауданы мал шаруашылығы бойынша облыста алдыңғы қатарға шығары сөзсіз, – деді Қайрат Рахымұлы.

Жергілікті тұрғындар мен жеке кәсіп иелерімен кездесу кезінде депутат жобаның іске асырылуына орай ұсыныс-пікірлерін тыңдап, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері жөнінде ақпарат берді.

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

САУРАН: АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ МЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАРАЛДЫ

Келесі жаңалық

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САУРАН АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі