kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

14 июля, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Байдулла Оразбековтың қатысуымен елдің ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында аналардың отбасындағы, қоғамдағы рөліне ерекше тоқталған Байдулла Оразбеков анаға деген шексіз алғыс пен құрметтің бұл рәсім арқылы көрініс тапқанын атап өтті.

– Біз ел болашағын тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосып келе жатқан асыл аналарымыздың еңбегін лайықты бағалап, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес “Алтын” және “Күміс” алқаларымен марапаттау мақсатында бас қосып отырмыз. Бұл – тек марапаттау шарасы ғана емес, сіздерге деген шынайы алғысымыздың, зор құрметіміздің белгісі. Ананың мейірімі мен төзімі – ұлттың баға жетпес байлығы, – деді Байдулла Оразбеков.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында көпбалалы аналардың жалпы саны 15 739 адамды құрайды. Олардың ішінде 1 098 ана – «Алтын алқа», 2 366 ана – «Күміс алқа» иегері атанса, 71 анаға «Батыр ана» атағы берілген. Сонымен қатар, 95 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған. Бұдан бөлек, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар аналардың саны 12 109 адамға жетіп отыр. Бұл – өңірдегі демографиялық өсім мен аналардың қоғамдық рөлін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Масылдық психологияны еңсеру– әлеуметтік әділеттілік пен тиімді мемлекеттік саясаттың негізі

Келесі жаңалық

Түркістан: “Бақытты қарттық: Белсенді өмір мен ішкі үйлесімге жол”

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі