kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА «АРДАГЕР ӨСИЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР МАРАФОНЫ ӨТТІ

17 июля, 2025
in Жаңалықтар, Руханият, Спорт
0
СОЗАҚ АУДАНЫНДА «АРДАГЕР ӨСИЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР МАРАФОНЫ ӨТТІ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауданда Түркістан облысында бастау алған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен жүзеге асырылды.
Марафон аясында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы бастаған делегация Сызған ауылына арнайы келіп, Ұлы Отан соғысының ардагері, аудандағы сұрапыл соғыстың соңғы сарбазы Мырзахмет Жылысбаевқа құрмет көрсетті.
Ардагерге республикалық марафонның арнайы хаты табысталып, естелік сый-сияпаттар мен марапаттар ұсынылды.
Өз кезегінде Пердебек Сержанұлы:
«Бұл тек марафон ғана емес – бұл елдік өсиет, аманат. Ардагерлердің өмір жолы мен тағылымы – әрбір жас үшін тәрбие мектебі. Жастар – осы аманатты болашаққа жеткізетін мұрагерлер», – деп атап өтті.
Айта кетейік, маусым-қыркүйек айлары аралығында өтетін республикалық марафон еліміздің барлық өңірлерін қамтып, Астана қаласында қорытындыланады. Жоба аясында ардагерлердің өсиеті хат түрінде рәсімделіп, елордада салтанатты түрде сақтауға тапсырылады.

Алдыңғы жаңалық

СОЗАҚ: «Жайдарлы жазбен көңілді» тақырыбы аясында ерекше балаларға арналған сергіту іс-шарасы өтті

Келесі жаңалық

СОЗАҚ: “КИЕЛІ МЕКЕН - ҚАЗЫНАЛЫ ӨЛКЕ” АТТЫ ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі