Инвестиция 2025 жылдың 6 айында бекітілген жоспар – 19,8 млрд.тнг, нақты орындалғаны – 24,7 млрд.тг
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылдың 6 айында бекітілген жоспар – 4,5 млрд.тнг, нақты –9,5 млрд.тг
Өңдеу өнеркәсібі саласында 2025 жылы 6 айында бекітілген жоспар– 2,4 млрд.тнг. нақты – 6,9 млрд.тнг.
Сонымен қатар, ауданда 5 орта, 25 шағын, 8 қосалқы, барлығы 38 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс жасайды.
Сауран ауданының 2025-2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына сәйкес, отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін келесідей шаралар қабылдануда.
Біріншіден, инфрақұрылымдық алаңдарды дамыту.
Аудан көлемінде 520 гектарды құрайтын өндірістік алаң орналасқан. Шаға өндірістік алаң (30 га) қосымша өндіріс алаңын ұлғайту мақсатында (70га) жер телімі қарастырылған, Тұран арнайы экономикалық аймақ (365 га), жеке өндірістік алаңдар 55 гектар (Қарашық, Иассы, Шорнақ, Үшқайық, Жүйнек). Бұл аймақтарда 829,9 млрд. теңгеге 304 кәсіпорын жұмыс істейді.
Ауданда «ТҰРАН» көпфункционалды арнайы экономикалық аймағы құрылды және оның қатысушыларына салықтан босатуды, кедендік жеңілдіктерді және инфрақұрылымы бар жер телімдерін (2043 жылға дейін) қоса алғанда, ерекше құқықтық режимді ұсынады.
Арнайы экономикалық аймақ 365 гектарға жуық аумақта орналасқан (365 га – Оранғай).
Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту жолында – Өндірістік алаңдар маңызды роль атқарады. Өндірісті дамыту арқылы табыс көзін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін индустриалды аймақтарды дамытуға басымдылық берудеміз.
Екіншіден, Шаға шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 40 өндірістік ғимараттар салынуда.
Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 10 ғимарат іске қосылды. Олардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», әскери шатыр және жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар.
70 гектар өндірістік парктің 2 және 3 кезеңдері сыртқы инженерлік жүйелері бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Қазіргі таңда 5 жоба дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Аталған аумақта (29 ғимарат) бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік алаңдардың дайын болуына қарай кәсіпорындарға берілетін болады. Жұмысын бастаймын деген кәсіпорындар тізімі жасақталған.
| № | Қызмет түрі | Аумағы | Жоба саны | Инвестиция сомасы, млрд тг. | Жұмыс орны, адам |
| 1 | Тұран арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ) | 365 га | 50 | 400,0 | 3000 |
| 2 | Шаға индустриалды аймағы | 70 га | 100 | 300,0 | 2500 |
| 3 | Шаға өндірістік алаңы | 30 га | 40 | 100,0 | 1500 |
| Барлығы | 465 га | 190 | 800,0 | 7000 |
Шетелдік компаниялардың қатысуымен іске асатын жобалар
— «Чайна Энерджи» (Оранғай а/о 800 га) жалпы құны 320 млн. АҚШ долларына қуаттылығы 300 МВт құрайтын күн және жел электростанциясына жері телімі қаралып, құрылысы ағымдағы жылдың 3 тоқсанында басталады
— «Euro Sandwich Panel» (Шаға а/о 2 га) жалпы құны 4 млн. АҚШ доллар құрайтын сэндвич панел өндіретін зауыт құрылысы.
«Түркістан Алтын Мақта Агералулярлық технологиясы» (Жібек жолы а/о 3000 га) «ИС Жангир ЖШС бірлесіп мақта өндіру зауытын салу жоба құны 7 млрд. тг. Қазіргі уақытта екі тараптың келісім шарттары жасалынды, жұмысшыларға арналған контейнерлер әкелінді, мақта өсіру үшін жерлерді өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, ауданға инвестиция тарту және сауда-экономикалық қатынасты нығайту мақсатында Қытай, Өзбекстан, Түркия елдеріне іс-сапар ұйымдастырылып, маңызды келіссөздер жүргізілді.
Нәтижесінде, осы келісім арқылы дрон, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық өнімдер, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін шығару және басқа да тауарлар өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары басталды.
Үшіншіден, отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында қосымша 55 гектар аумаққа жоба құны 29,6 млрд теңгені құрайтын, 5 жеке өндірістік алаңдар құрылды (Қарашық, Иассы, Шорнақ, Үшқайық, Жүйнек).
Қарашық ауылынан шағын өндірістік алаңына 10 гектар жер учаскесі бөлініп, 18 кәсіпкермен меморандум түзіліп, 13 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады.
Иассы ауылынан шағын өндірістік алаңына 9 гектар жер учаскесі бөлініп, 20 кәсіпкермен меморандум түзіліп, 16 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады.
Жүйнек ауылынан шағын өндірістік алаңына 18 гектар жер учаскесі бөлініп, 10 кәсіпкермен меморандум түзіліп, құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Үшқайық ауылынан шағын өндірістік алаңына 18 гектар жер учаскесі бөлініп, 6 кәсіпкермен меморандум түзіліп, 1 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады.
Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер Абишов Ықпал меншігіндегі 8 гектар жерге өндірістік алаң құрылды. Қазіргі таңға 1 гектар аумаққа жиһаз жасау цехының құрылысын бастады. (10 Браунфилд салынады) Жоба 2025-2030 жылдар аралығында іске асырылады.
Жүйнек ауылдық округіндегі 13 кәсіп орынның аумағын қамти отырып 300 гектар индустриалды аймақ құру жоспарлануда. Өндіріс аумағы ретінде инфрақұрылым тарту жұмыстары көзделуде газ, свет, су. Әр өндіріс орындары 1МВт – 1,5 МВт аралығында электр қуатын қажет етеді. Бұл жобаға индустриалды аймақ статусын беру арқылы кәсіпкерлердің тұтынған электр энергиясының шығындарын арзандату мақсатында тарифтік бағаға келтіру. Осы аумақтағы жер телімдері қосымша завод, фабрикаларға ұсынылатын болады.
Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «Divalux» ЖШС-мен Түркиялық «ОCCA CHAIR» ЖШС бірлесіп жоба құны 1,0 млрд.тг жоспарланған жиһаз өндіріс фабрикасының аумағын кеңейту жоспарлануда. Қазіргі таңда 262 млн.тг құрал-жабдықтар мен станоктары алынған.
Жалпы өндірістік алаңдарға ниет білдіруші 100 ден астам кәсікер болса соның 60 кәсіпкерімен меморандум тізіліп бүгінгі таңға 30 жуық кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастап кетті.
| № | Қызмет түрі | Аумағы | Жоба саны | Инвестиция сомасы, млрд тг. | Жұмыс орны, адам |
| 1 | Қарашық өндірістік алаңы | 10 га | 20 | 4,5 | 224 |
| 2 | Иассы өндірістік алаңы | 9 га | 24 | 6,3 | 200 |
| 3 | Шорнақ өндірістік алаңы | 8 га | 10 | 3,0 | 150 |
| 4 | Үшқайық өндірістік алаңы | 18 га | 37 | 8,0 | 370 |
| 5 | Жүйнек
өндірістік алаңы |
10 га | 24 | 7,8 | 153 |
| Барлығы | 55 га | 115 | 29,6 | 1097 |
Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту жолында – Өндірістік алаңдар маңызды роль атқарады. Өндірісті дамыту арқылы табыс көзін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін индустриалды аймақтарды дамытуға басымдылық берудеміз.
ТУРИЗМ
Сауран ауданында зиярат туризмі дамыған.
Аудан аумағында 54 тарихи нысандар орналасқан. Оның ішінде, республикалық маңызды –
3 нысан бар (Сауран қалашығы, Үкаша ата құдығы, Жүсіп ата кесенесі).
Ауданда аквапарк, қонақ үй кешендері,
ойын-сауық және тематикалық саябақтар салуға ниет білдірген кәсіпкерлер бар.
2025 жылы туризм саласында жалпы құны 4,4 млрд. теңгеге 119 жұмыс орнын құрумен 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз.
Ауданда аквапарк, қонақ үй кешендері, жол бойындағы қызмет көрсету орталықтарын, емдік сауықтыру орталықтарын, ойын-сауық және тематикалық саябақтар салуға ниет білдірген 9 кәсіпкермен меморандум түзіліп, нәтижесінде 2025 жылы туризм саласында жалпы құны 5,3 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба пайдалануға берілетін болады.
| № | Қызмет түрі | Инвестиция сомасы, млн тг. | Жұмыс орны, адам |
| 1 | «Dala Resort» Демалыс аймағы (Оранғай а/о) | 1500,0 | 50 |
| 2 | «Bauyrsak» Жол бойындағы қызмет көрсету орталығы (Шорнақ а/о) | 424,0 | 20 |
| 3 | «ХАМДАН» Жол бойындағы қызмет көрсету орталығы (Қарашық а/о) | 400,0 | 10 |
| 4 | «Нурмаурат » Емдік сауықтыру орталығы (Үшқайық а/о) | 200,0 | 10 |
| 5 | “SakeTau Resort” Демалыс аймағы (Бабайқорған а/о) | 300,0 | 4 |
| 6 | «Озен» Демалыс аймағы (Иассы а/о) | 500,0 | 10 |
| 7 | «Кульжан» Жол бойындағы қызмет көрсету орталығы (Шорнақ а/о) | 500,0 | 10 |
| 8 | «ATLANTIS AQUAPARK» Балалар демалыс аймағы (Шаға а/о) | 1500,0 | 25 |
| 99 | «MANGO» Демалыс аймағы (Оранғай а/о) | 1000.0 | 25 |
| Барлығы | 5 324,0 | 164 |
Сонымен қатар, Үшқайық ауылдық округіндегі минералды су көздерін тиімді пайдалану мақсатында, емдік сауықтыру және демалыс аймағын құруға 20,0 гектар жер учаскесі белгіленді.
Аталған жерге 2025-2030 жылдар аралығында 14 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, инвестициялық құны 5,0 млрд. теңге болса, нысанға қажетті инфрақұрылымдарды жеткізу шығындары 127,0 млн. теңгені құрайды.
Бабайқорған ауылдық округіндегі туристік орындарға келушілер көп болуына байланысты, арнайы демалыс аймағын құруға 30,0 гектар жер учаскесі белгіленді. Аталған аумаққа қажетті инфрақұрылымдарды жеткізу шығындары 337,0 млн. теңгені құрайды. (жобаны іске асқанда 150 жаңа жұмыс орындары құрылып, 7,0 млрд. теңге инвестиция тартылады)
| № | Қызмет түрі | Аумағы | Жоба саны | Инвестиция сомасы, млрд тг. | Жұмыс орны, адам |
| 1 | Үшқайық демалыс аймағы | 20 га | 14 | 5,0 | 70 |
| 2 | Бабайқорған демалыс аймағы | 30 га | 30 | 7,0 | 150 |
| Барлығы | 50 га | 44 | 12,0 | 220 |
Жер қойнауын пайдалану
Аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 46 жер қойнауын пайдаланушылар бар (13 келісім-шарт және 33 лицензия).
Бүгінгі таңда ауданымызда 22 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 24 жер қойнауын пайдаланушы уақытша тоқтап тұр.
Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 12 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.
Заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында Аудан әкімінің 2025 жылғы 13 мамыр №43 н/қ өкімімен жұмысшы тобы құрылған.
Жұмысшы топ өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында рейдтік іс шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Ауданының аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша 6 айдың қорытындысымен 32 рет рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 20-і полиция бөлімшесінің 102 байланысына тіркеліп, соның 13-не шара көру үшін хаттама толтырылып экология департаментіне жолданды.

