kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ 50-ШІ БАСПАНАСЫН ТАБЫСТАДЫ

21 июля, 2025
in Жаңалықтар, Руханият, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ 50-ШІ БАСПАНАСЫН ТАБЫСТАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Үлес» қайырымдылық қоры өзінің игі істерінің жалғасы ретінде Түркістан қаласында тұратын І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Ахлиддинов Арман мен жұбайы Лена Ахлиддиноваға жаңа баспана табыстады. Бұл — қор тарапынан берілген 50-ші баспана болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышына ортақтасқан Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы арнайы сый-сияпатымен жаңа баспананың кілтін табыстады.

Арман Ахлиддинов көру қабілетінен айрылған ардагер ақсақал, ал жұбайы Лена арбаға таңылған. Қиындықтарға қарамастан, отбасы өмірге құлшыныспен қарап, ұлдарын тәрбиелеуде. Қазіргі таңда олардың жалғыз ұлы жалпы орта мектептің 9-сыныбында білім алуда.

Жанұяның негізгі табыс көзі – мемлекет тарапынан берілетін мүгедектікке байланысты әлеуметтік жәрдемақы және өзге де мемлекеттік қолдау түрлері. Осындай өмірлік жағдайларды ескере отырып, «Үлес» қайырымдылық қоры бұл отбасына баспана сыйлады.

Жаңа тұрғын үйге ие болған отбасы әкімдік пен қордың қайырымды ақсақалдарына шынайы алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.

 

Алдыңғы жаңалық

Сауран ауданы әкімдігінің “Кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 6 айлық жұмыс қорытындысы туралы мәлімет

Келесі жаңалық

ҚОҒАМҒА ҚАЙТА ОРАЛУ: Түркістанда қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды қолдау мәселесі талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі