kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН:«ӘКЕ -ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ, ҰЛ-БОЛАШАҚҚА ӨРНЕК» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

21 июля, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Әлеумет
0
САУРАН:«ӘКЕ -ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ, ҰЛ-БОЛАШАҚҚА ӨРНЕК» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Жастар ресурстық орталығы» және «Руханият орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ұлт тәрбиесіндегі маңызды тұлғалар – әке мен ұлдың рөлін дәріптейтін ерекше тәрбиелік шара өтті.

«Әке – ұрпаққа өнеге, ұл – болашаққа өрнек» атты бұл сайыс жасөспірімдер мен ата-аналар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұл балалардың тәрбиесіне қоғам назарын аударуға, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтауға бағытталды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков және Қоғамдық келісім «Сауран аудандық филиалының» басшысы А.Раматуллаев, «Руханият және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Әшірбай құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Сайыс 3 бөлімнен тұрды:

  1. «Таныстыру» кезеңі – Әке мен ұл жұптары өз отбасын, ұстанымдарын, қызығушылықтарын таныстырды.
  2. «Ұмыт болған дәстүрлер» тақырыбында сұрақ-жауап кезеңі – Қазақ халқының бай мұрасындағы әке мен ұлға қатысты салт-дәстүрлерді жаңғыртты.
  3. «Өнері бар – өрге жүзер» кезеңі – Әке мен ұл жұптары өнерлерін көрсетіп, сахна төрінде күй, жыр, ұлттық ойын және қолдан жасалған бұйымдар арқылы көрермендерді тәнті етті.

Іс-шараның соңында әділқазылар алқасы сайыс нәтижесін жариялап, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттады.

I-орын Бабайқорған а/о, Ибрагимовтар отбасы.

II- орын Шорнақ а/о, Манашовтар отбасы.

III-орын Үшқайық а/о, Акаевтар отбасы.

Бұл шара әр отбасы үшін тағылымды, ұлт болашағы үшін маңызды қадам болды. Әке мен ұл арасындағы рухани сабақтастықты нығайтып, елдікке бастар жолдың – отбасындағы тәрбиеден басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алдыңғы жаңалық

Созақ: Адал еңбек - масылдық сананы жеңуге бағытталған маңызды қадам

Келесі жаңалық

Сауран: «Қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» тақырыбында өткізілген іс-шара

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі