kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан: Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

23 июля, 2025
in Uncategorized, Билік, Жаңалықтар, Саясат
0
Түркістан: Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті жұмыс жиыны өтті. Партия бекіткен Сайлауалды бағдарламаны Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағытында айқындалған міндеттердің орындалуы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен суцидтің алдын алу мәселелері қаралған жиында, облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанаты атқаратын маңызды жұмыс бағыты зерделеніп, бірқатар ұсыныстар бойынша шешімдер қабылданды.

Жиында сөз алған Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова 2017 жылы Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, гендерлік зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылықтың құрбандарымен, абьюзерлермен жұмыс жасауда ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметтері құрылғанын түсіндіріп өтті. Гендерлік, зорлық-зомбылық белгілері бар азаматтар үшін Келес ауданы мен Түркістан қаласында уақытша болу баспаналар ашылғанын айтты. Бүгінде облысымызда барлық аудан, қалаларда 17 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.

Отырыс барысында Түркістан қаласы мен Сарыағаш және Сайрам ауданынан келген жергілікті билік өкілдері осы тақырып аясында аймақтағы ахуалмен қалай күрес жүргізіп жатқанын, алдын алу жұмыстарының деңгейін баяндады. Кеңес мүшелері тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен суцидтің алдын алу мәселелері бойынша қызу пікірталас өрбіді. Бірқатар мәселелердің шешімі бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.

Қазақстанның «Қызыл-ай» қоғамы Түркістан облыстық филиалының басшысы, «Көмек» Дағдарыс орталығының басшысы, Түркістан облыстық отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Малика Жүсіпова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарына үңіліп, көмек сұрап келушілермен терең түсінісу арқылы мәселені дұрыс шешу жолдарына үңілу қажеттігіне тоқталды. Орталық тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше мысал келтірді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева мен кеңес төрағасы Ғалымжан Елшібай жиын қорытындысына бірқатар ауқымды мәселелер айтылғанын, кеңес мүшелері тарапынан берілген ұсыныс-пікірдің барлығы хаттамаға енгізіліп, бақылауда ұсталатынын жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

Созақ: Мемлекеттік қолдау түрлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Келесі жаңалық

Созақ: Құрметті демалыстағы азаматтарға арналған қуанышты күн

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі